Тәрбие - жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдау іс-әрекеті.
Тұлғаның деградациясы - психикалық тепе-теңдіктің, тұрақтылықтың, белсенділіктің жойылуы және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі.
Тұлға- адам әлеуметтік қатынас субъектісі ретінде; қоғамдық қатынасқа енуімен анықталатын біріккен іс-әрекет және қарым- қатынаста қалыптасатын индивидтің жүйелі қасиеті.
Тұлғалық өсу - кәсіби өзіндік жетілудің қызығушылығы мен қажеттілігінен туындаған субъект іс-әрекетінің жағымды өзгеруі.
Тұлғааралық кеңістік -қарым-қатынас дистанциясы, адамдардың эмоционалды жақындығының субъективті кеңстіктік критерийі.
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның мақсаты және мінез-құлық мотивінде, қажеттілігінде, қызығушылығында, мұратында, сенімдерінде, бағдарында көрініс беретін маңызды қасиеттерінің бірі.
Тұлға қасиеттері -танымдық, эмоционалды, еріктік қасиеттерден тұратын тұрақты психологиялық құрылым.
Әдебиет
Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері. - Алматы, 2002ж.
Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. – СПб.: Питер, 2001. – 288 c.
Ганзен В.А. Системные описания в психологии. – Л.: Изд-во ЛГУ, 1984. – 176 c.
Хон Н.Н., Рогалева Л.Н., Ким А.М., Айдосова Ж.К., Алдабергенов Н.А. Личностная модель «большая пятерка», системный подход и эффективность трудовой деятельности. – Алматы: Қазақ универститеті. Вестник психологии и социоогии. – No 1 (72), 2020. – C. 85-93// https://doi.org/10.26577/JPsS.2020.v72.i1.08
Жолдaсовa М.К., Борбaсовa Г.Н., Джералд Мэттьюс, Кустубaевa А.М. «Үлкен бестік» бес факторлы тұлғалық сауалнамасының қазақ тілді нұсқасын бейімдеу туралы. – Алматы: Қазақ университеті. Хабаршы. Психология және социология сериясы. – No 4 (67), 2018. – 124-133 б.
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.- М., 2009..
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы, 2013.
Немов Р.С. Психология: В 3 кн. – Кн. 1. – М., 2013.
Намазбаева, Ж.Ы. Жалпы психология: оқулық/ - Алматы: Абай атын. ҚазҰПУ, 2006.- 294.