1. М.Өтемісұлының «Мінкен ер» өлеңінде кім туралы айтылатынын табыңыз



бет1/3
Дата09.06.2023
өлшемі34,68 Kb.
#100031
  1   2   3

1-нұсқа

1. М.Өтемісұлының «Мінкен ер» өлеңінде кім


туралы айтылатынын табыңыз.
A) Амангелді
B) Қасым
C) Кенесары
D) Исатай
E) Баймағанбет
2. Өлеңде кімнің батырлық портреті суреттеліп
отырғанын көрсетіңіз.
Кермиығым кербезім
Керіскедей шандозым
Құлжадай айбар мүйіздім
Хиуадай базарлым...
A) Амангелді
B) Қасым
C) Кенесары
D) Исатай
E) Махамбет
3. Исатай бастаған шаруалар көтерлісін қолдап
жыр арнаған ақынды көрсетіңіз.
A) Ш. Қанайұлы
B) Д.Бабатайұлы
C) Ш.Жарлығасұлы
D) Бұқар жырау
E) О. Шипин
4.Махамбет Өтемісұлының шығармалары алғаш
кімнің құрастыруымен жарыққа шыққанын
көрсетіңіз.
A) Х.Досмұхамедұлы
B) М.Дулатұлы
C) М.Көпейұлы
D) Қ.Жұмалиев
E) З. Қабдолов
5. Төмендегі пікірдің иесін көрсетіңіз.
Махамбеттің жыр толғаулары қазақ поэзиясын
жаңа бір шыңға көтерді, оны мазмұн жағынан
болсын, түр жағынан болсын байыта түседі.
Сондықтанда Махамбетті ауыз əдебиеті мен
жазба əдебиетінің жапсарындағы зор бір тұлға,
ақын деп тануымыз қажет.
A) Қ.Жұмалиев
B) Ы.Дүйсенбаев
C) Д.Бабатайұлы
D) Б.Абылқасов
E) З.Қабдолов
6. Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы
ауданындағы «Бақты» аулында дүниеге келген
əнші, сазгер, ақынды көрсетіңіз.
A) Біржан сал Қожағұлұлы.
B) Жаяу Мұса Байжанұлы.
C) Ыбырай Сандыбайұлы.
D) Ақан сері Қорамсаұлы.
E) Əсет Найманбаев.
7. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың
басындағы ақындардың өзіндік ерекшелігі неде?
A) Олар өздері кітап бастырып шығарды
B) Халық зарын жырлап өтті
C) Олар өлең жазады, өз өлеңдеріне өздері əн
шығарады
D) ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ақындары
болғандықтан
E) Жыраулар поэзиясын жырлап өтті.
8.Жігіттің шешендігін дауда сына,
Жігітті батырсынған дауда сына.
Бұл нақылға айналған жолдардың авторын
көрсетіңіз.
A) Ыбырай Сандыбайұлы.
B) Əсет Найманбаев.
C) Ақан сері Қорамсаұлы.
D) Жаяу Мұса Байжанұлы.
E) Ілияс Жансүгіров
9.Үзінді Ыбырайдың қай өлеңінен алынғанын
көрсетіңіз.
Қызығың, дүние ,өткен күн
Кейінгі қуып жеткен күн
Байланбаған асаудай
Қара бура қартайып
Жар басына шөккен күн
A) «Гəкку»
B) «Қалдырған»
C) «Шалқыма»
D) «Па, шіркін»
E) «Жайма қоңыр»
10. «... Мен тоқсан бес жастағы шалмын. Осынша
жасағалы Ыбырайға пар келерлік керемет өнер
иесін көрген емеспін»,- деген Омар ақсақалдың
естелігі жазылған кітапты көрсетіңіз.
A) А.Байтұрсыноа «Əдебиет танытқыш»
B) С.Сейфуллин «Əдебиет тарихы»
C) Б.Адамбаев «Əнші-ақындар
шығармашылығы»
D) Е.Ысымайылов. «Əдебиет жайында ойлар»
E) «Бес ғасыр жырлайды»
11. Нарманбет Орманбетұлының туындысын көрсетіңіз.
A) «Бала зар»
B) «Жетім қыз»
C) «Бұл дүниеде не жетім?»
D) «Жеті жетім»
E) «Замана»
12. Үзіндінің авторын көрсетіңіз.
Құйырық атып құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қараңды үзіп барасың,
Бізденде қайдан дүния.
A) Шəңгерей Бөкеев
B) Ш.Қанайұлы
C) М.Мөңкеұлы
D) Махамбет Өтемісұлы
E) Мəшһүр Жүсіп Көпеев
13. «Жарандар, кеңес жазайын», «Заманның опасыз
халіне айтқаны» деген өлеңдердің авторын көрсетіңіз.
A) Шортанбай Қанайұлы.
B) Мұрат Мөңкеұлы.
C) Ахмет Байтұрсынов.
D) Кердері Əбубəкір Шоқанұлы.
E) МіржақыпДулатов. 14. «Зар заман», «Бала зар», «Насихат»
шығармаларының авторын табыңыз.
A) Мұрат Мөңкеұлы.
B) Шəкəрім Құдайбердіұлы.
C) Əбубəкір Шоқанұлы.
D) Шортанбай Қанайұлы.
E) МағауияАбайұлы. 15. Естай Беркімбайұлының туған жерін көрсетіңіз.
A) Павлодар облысы Екібастұз ауданы
B) Ақмола облысы, Көкшетау уезі
C) Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы
D) Жамбыл облысы. Шу өңірі
E) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
16. Естайдың əндерін көрсетіңіз.
A) «Жайқоңыр» «Назқоңыр» «Майдақоңыр»
B) «Айдай», «Үлкен айдай», «Кіші айдай»
C) «Гауһар қыз», «Сұрша қыз», «Қазан қыздары»
D) «Кенжеқоңыр», «Желдірме»
E) «Қос алқа», «Қос перне»
17. Мұхит Мералыұлының алғашқы əндері қандай
сипатта болғанын көрсетіңіз.
A) Арнау өлеңдер болды
B) Оқиғаға құрылған өлеңдер болды
C) Трагедиялық өлеңдер болды
D) Саятшылыққа қатысты өлеңдер болды
E) Қазақтың салт-дəстүрі туралы өлеңдер болды
18. Балуан шолақтың өскен жерін көрсетіңіз.
A) Жамбыл облысы
B) Павлодар облысы
C) Көкшетау облысы
D) Қарағанды облысы
E) Семей облысы
19. Мұхиттың «Айнамкөз» əнінің шығу тарихы
жазылған еңбекті көрсетіңіз.
A) Ахмет Жұбанов «Замана бұлбұлдары»
B) Е.Затаевич «Қазақтың мың əні мен күйі»
C) Е.Ысымайыловтың «Əдебиет жайында ойлар»
D) Е.Ысымайылов «Ақындар»
E) «Бес ғасыр жырлайды»
20. Үзіндінің авторын көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет