Биохимия
Сұрақтар:
1. Накты гормондарды мысалга келтіре отырып эндокриндік жүйе иерархиясын және байланыс түрлерін сипаттаңыз .
2. Инсулиннің химиялық құрылысын , синтезделу орнын , синтезiнiн ерекшеліктерін және жасуша - нысанасын сипаттаңыз .
3. Инсулиннің химиялық құрылысын , синтезделу орнын және каталиттік рецепторлар аркылы сигналдың берілу механизмін сипаттаныз .
4. Инсулиннін химиялық құрылысын , синтезделу орнын ( муше және жасуша ) , секреция жагдайларын және жасуша - нысанасын сипаттаңыз .
5. Соматотропты гормоннын химиялык кұрылысын , синтезделу орнын , синтезінің ерекшеліктерін , секреция жагдайларын және жасуша - нысанасын сипаттаңыз .
6. Тироксиннің химиялық құрылысын , синтезделу орнын , синтезiнiн ерекшеліктерін , секреция жағдайларын және жасуша - нысанасын сипаттаңыз .
7. Эндокриндік жүйе иерархиясын сипаттаңыз . Қандагы глюкоза денгейiн реттейтін гормондардың өзара әрекеттесуін мысалдар келтіріп көрсетіңіз .
8. Бұл гормон синтезi үшiн мырыш кажет . Осы гормоннын синтезделу орнын , синтезі ерекшеліктерін , нысана - жасушасын және гормондык әсерін көрсетіңіз .
9. Бұл гормон синтезi үшiн йод кажет . Осы гормоннын синтезделу орнын , синтезі ерекшеліктерін , нысана - жасушасын және гормондык әсерін көрсетіңіз .
10. Бұл гормондар бірдей аминкышкылынан түзіледі . Оларды атаныздар және синтезделу орнын , негiзгi нысана жасушаларын , рецепторларынын жасушада орналасуын көрсетіңіз .
11. Адреналиннің химиялық құрылысын , синтезделу орнын , секреция жагдайларын және сигналдын берілуі механизмін сипаттаңыз .
12. Қандай гормондар цитоплазматикалык рецепторлар аркылы әсер етеді ? Оларды атаныздар және синтезделу орны ( мүше және жасуша ) мен гормондык эсерiн керсетiнiз
1.Эндокринді жүйенің иерархиясында-гипоталамо-гипофизарлы жүйеге бағынатын(қалқанша безі..)және бағынбайтын(ұйқы безі, қалқанша маңы безі) деп бөледі. Тікелей байланыс(+):Гипоталамустан(ОЖЖ)-либериндер(күшейтуші) және статиндер(тежеуші) бөлінеді.Мысал ретінде қалқанша безін алайық.Гипоталамустан-тиролиберин(ТЛГ) бөлініп,тікелей портальды система арқылы аденогипофизге әсер етіп,тиреотропты(ТТГ) гормондардың түзілуін жоғарылатады, ал ТТГ өз кезегінде-қалқанша безіне әсер етіп, ол жердегі тироксин(Т3) және трийодтиронин(Т3) гормондарының бөлінуін жоғарылатады(бауырға әсерін тигізеді, белгілі бір метаболиттік процесттер басталады)
Теріс байланыстың(-) 2 түрін ажыратады:оң және кері.Тироксин және трийодтиронин тым көп бөлінетін болса,ол теріс байланыс арқылы реттейді: 1)ол оң теріс байланыс(ұзын байланыс) арқылы гипоталамусқа әсер етіп, тиреолиберин(ТЛГ) гормондарының бөлінуін төмендетеді 2)ал кері теріс байланыс(қысқа) арқылы аденогипофизге әсер етіп, тиретропты(ТТГ) гормондардың бөлінуін төмендетеді, соның нәтижесінде-Т3,Т4 гормондарының қандағы мөлщері төмендейді
7. Эндокринді жүйенің иерархиясында-гипоталамо-гипофизарлы жүйеге бағынатын(қалқанша безі..)және бағынбайтын(ұйқы безі, қалқанша маңы безі) деп бөледі.Мысалы қанның құрамындағы глюкоза жоғарылайтын болса, ол-ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарындағы-бетта жасушаларына әсер етіп, тікелей-инсулин гормонын бөледі(тікелей байланыс).Инслулинның негізгі қызметі:қанның құрамындағы глюкозаны төмендету.Егер қанның құрамындағы глюкоза төмендйетін болса, ол -ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарындағы-альфа жасушаларына әсер етіп,тікелей-глюкагон гормонын бөледі(теріс байланыс).Глюкагонның негізгі қызметі: қанның құрамындағы глюкоза деңгейін жоғарылату.
2.3.4.8.Инсулин.Химиялық құрылысы: нәруызды(белок) гормон.Синтезделеді- ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарындағы-бетта жасушаларында.Секреция жағдайлары-Гипергликемия кезінде, кальцийдің қатысуымен.Синтезінің ерекшелігі:препроинсулин(түйіршікті ЭПТ-ның рибосомаларында)-проинсулин(L-пептидті алынып тасталынып, дисульфидті байланыс пайда болады, Гольджи жиынтығындағы протеаза ферменттерінің әсерінен 2-ге ажырайды)-инсулин, С-пептид пайда болады, сыртынан секреторлық грануламен қоршалып-жасуша цитоплазмасына шығады.Нысана жасушасы-бауыр, бұлшықет,май тіні.
Инсулин-нәруызды гормон болғандықтан, оның рецепторлары(каталиттік)-гидрофильді,яғни мембрананың бетінде орналасқан.Оның рецепторлары-ерекше тирозинкаинащлық белсенділігі бар және 2 суббірліктен тұрады және өзара дисульфидті байланыстармен байланысқан .Альфа суббірлік-инсулин гормонымен байланысады, ал бета суббірлк-тирозиназалы белсенді болып келген.Инсулин альфа суббірлікпен байлаысқанда, рецепторлар конформацияға ұшырайды да, бета суббірліктің тирозинкиназалық белсенділігі жоғарылайды(тирозинкиназа-арнайы нәруызды фосфорлайтын фермент).Бета суббірлікте-белгілі бір тирозинді қалдықтардың фосфорлануы жүреді, бір бета тізбек рецептор молекуласының 2-ші бета тізбегін фосфорлайды.Нәтижесінде-фосфорланушы тирозинді протеинкиназа пайда болады(АТФ-АДФ пен фосфор қышқ. қалдығына ыдырайды), ол белгілі бір ферменттерді/нәруыздарды белсендіреді.Әрі қарай 2 түрлі жолмен:МАР-киназды жол(өте баяу әсер етеді-гендердің транскрипциясы,ДНҚ-ның репликациясы,жасушалардың пролиферациясы,дифферецияровкасын туырады ), фосфотидилинозитол-3 жүйесі арқылы(өте тез әсер етеді-тасымалдаушы Глют-4 арқылы, везикудағы глкозаның мембранаға жақын орналастырып, глюкозаны цитоплазмаға енгізеді ) тасымалданады.
5.Соматотропин.Химиялық құрылысы: нәруызды(белок/полипептид) гормон.Синтезделеді:гипофиздің алдыңғы бөлігінегі ацидофильді жасушаларында.Секреция жағдайлары-соматолибериндер, жас нәрестелерде ұйқы,күйзеліс,ауырсыну кезінде.Синтезінің ерекшелігі:препросоматропин(түйіршікті ЭПТ-ның рибосомаларында)-просоматропин(L-пептидті алынып тасталынып, дисульфидті байланыс пайда болады, Гольджи жиынтығындағы протеаза ферменттерінің әсерінен 2-ге ажырайды)-соматотропин, С-пептид пайда болады.Нысана-жасушасы-сүйек, шеміршек тіндері, бауыр.
6.9.Тироксин.Химиялық құрылысы:аминқышқылының туындысы(тирозин).Синтезделетін орны:қалқанша безіндегі Т-тиреоцит жасушаларында.Синтезінің ерекшелігі:тирозин және йодидтер қаннан тікелей-тиреоцитке(йодидтер-Na+ иондарының симпорты арқылы,яғни активті транспорт) түседі,тирозиннің синтезі(тиреоцитте)-тиреоглобулин(түйіршікті ЭПТ-да оның нәруыздық бөлігі синтезделеді, кейін Гольжи жиынтығында полипепидті тізбек қосылады)-дамымаған тиреоглобулин және йодид(экзоцитоз жолымен,яғни анион-транспорттық белок арқылы фолликулдың қуысына тасымалданады)-йодидтен-молекулялық йод пайда болады(тиреопероксидаза ферменті әсерінен)-тиреоглобулинге 1-йодтың молекуласы қосылып-монойодтриозин, олар қосылып-дийодтирозин,монойодтирозин мен дийодтирозин қосылып-трийодтиронин(Т3), ал 2 дийодтирозин қосылып-тетрайодтиронин(Т4-тироксин) пайда болады.Олар кейіннен эндоцитоз жолымен тиреоцитке түсіп,лизосомадағы фермент әсерінен 2-ге бөлінеді(1-монойиодтирозин,дийодтирозин-олар қайта гормонның синтезіне қатысады,2-трийодиронин,тетрайодтиронин)).Т3 пен Т4-қан тамырларға тасымалданады.Нысана-жасушасы:бауыр.Секреция жағдайлары:ТТГ-тиреотропты гормон, тиреолиберин, йод.Гормондық әсері:адам организмндегі йодтың деңгейін реттеу, тиреоидты жасушалардың өсуі/пролиферациясы,нәруыздың/көмірсулардың синтезіне әсер етеді,
11.Адреналин.Химиялық құрылысы-аминқышқылының туындысы(тирозин).Синтезделу орны-бүйрек үсті безінің милық затында.Секреция жағдайлары:ардренокортиколибериндер, стресс,қобалжу кезінде.Сигнал берілудің механизмі:рецепторлары-мембрана бетінде, яғни гидрофильді.Рецептордың 2 түрі ажыратады:альфа(альфа-1(кальций-фосфолипидтік механизм арқылы),альфа-2(аденилатциклазалық механизм арқылы)) және бетта(бета-1,2(аденилатциклазалық механизм арқылы))
Альфа-2 және бета-1,2 рецепторлар арқылы сигналдың берілуі:
Адреналин альфа-2 және бета-1,2 рецепторлармен байланысып, оны активтендіріп-гормон-рецепторлық кешен түзеді.Ол активті емес G-нәруызға(ол-бета,гамма және ГДФ байланысатын-альфа суббірліктен тұрады) әсер етеді(ГТФ-байланыстырушы нәруыз).Кейін-фосфорлану үдерісі жүріп(+PO4 қосылады,бета және гамма суббірліктер алынып тасталынады, және ГТФ пайда болады), активті G-нәруыз(тек қана ГТФ пен байланысатын альфа суббірлік қалады) пайда болады. Активті G-нәруыз тікелей-Аденилатциклазаға әсер етеді, ал ол цитоплазмадағы АТФ-ты фосфорсыздандырады(2-фосфор қышқылының қалдығы алынады)-цАМФ пайда болады(II-шілік медиатор).цАМФ-активті емес Протеинкиназа А-мен(4-суббірліктен:2-каталитикалық және 2-регуляторлық) байланысып кешен түзеді.Протеинкиназа А 2-ге ыдырайды-цАМФ регуляторлық бөлігімен байланысып-жаңа протеинкиназа А-ны түзуге қатысады, ал каталитикалық бөлігі Протеинкиза А-мен байланысып, оны активтендіреді.Оның негізгі мақсаты:цитоплазмадағы нәруыздарды фосфорлау(мысалы, активті емес липаза-активті липаза).
Альфа-1 рецептор арқылы сигналдың берілуі:
Адреналин альфа-1 рецепторыменбайланысып, оны активтендіріп-гормон-рецепторлық кешен түзеді.Ол активті емес G-нәруызға(ол-бета,гамма және ГДФ байланысатын-альфа суббірліктен тұрады) әсер етеді(ГТФ-байланыстырушы нәруыз).Кейін-фосфорлану үдерісі жүріп(+PO4 қосылады,бета және гамма суббірліктер алынып тасталынады, және ГТФ пайда болады), активті G-нәруыз(тек қана ГТФ пен байланысатын альфа суббірлік қалады) пайда болады. Активті G-нәруыз тікелей-Фосфолипаза С-ға әсер етеді.Оның негізгі қызметі:фосфотидилинозитолдифосфатты ыдыратып, 2 медиатор пайда болады:дицилглицерол мен инозитолтрифосфат.Диацилглицерол-протеинкаиназа С-ға әсер етеді, ал ол-кальций ионынының қатысымен нәруыздың фосфорлану үдерісіне қатысады.Инозитолтрифосфат-эндоплазмалық ретикулумдағы кальцийдың мобилизациясын, цитоплазмада кальций ионынының концентрациясын жоғарылатады.Кальций+кальмодулинмен(кальций байлныстырушы нәруыз) байланысып, нәруздардың фосфорлану процесін туғызады.
12.Оларға стереоидты гормондар(холестиролдың туындысы):жыныс гормондары(андрогендер,прогесторен,эстроген) және бүйрек үсті безінің қыртысты затының гормондары(альдостерон,кортизол,кортикостерон..) жатады.Олар мембрананың билипидтік қабаты арқылы өтеді.
Кортизол.Синтезделу орны-Бүйрек үсті безінің қыртысты затындағы кортикостереоциттерде.Гормонның әсері-нәруыздың , көмірсудың және майдың алмасуынаәсер етеді,қабыну үдерістерін тежейді.
Альдостерон. Синтезделу орны-Бүйрек үсті безінің қыртысты затындағы кортикостереоциттерде.Гормонның әсері-тұз және су алмасуына әсер етеді,натрийдің,хлордың, бикарбонаттың иондарының реабсорциясын күшейтеді және калий мен сутектің иондарының экскрециясын белсендіреді.
Тестостерон. Синтезделу орны-аталық жыныс безінің Лейдиг жасушаларында және кейде-бүйрек үсті безінің торлы аймағында.Гормонның әсері-нәруыздардың, липидтердің,РНҚ,ДНҚ,полисахаридтер синтезін белсендіреді;СТГ гормонымен бірге-сүйектін өсуін тездетеді;эритроциттердің продукциясын күшейтеді; май бездерінің жұмысын ынталандырады;сперматогенез процесін күшейтеді; жалпы пигментацияны арттырады
10.Адреналин, норадреналин,дофамин,тироксин-тирозиннің(аминқышқылы) туындысы.
Адреналин. Синтезделу орны: бүйрек үсті безінің милық затында.Нысана-жасушасы: май тіні,бауыр,бұлшықет, жүрек,бронх,вена, артерия қан тамырлары.Рецепторлары:мембрана бетінде(беткейлік рецептор),яғни-гидрофильді.Мембрананың билипидті қабатынан өте алмау себебі:гидрофильді қасиеті бар жәе макромолекулалы құрылым.
Норадреналин. Синтезделу орны: бүйрек үсті безінің милық затында.Нысана-жасушасы: май тіні,бауыр,бұлшықет, жүрек,бронх,вена, артерия қан тамырлары.Рецепторлары:мембрана бетінде(беткейлік рецептор),яғни-гидрофильді.Мембрананың билипидті қабатынан өте алмау себебі:гидрофильді қасиеті бар жәе макромолекулалы құрылым.
Дофамин.Синтезделу орны: бүйрек үсті безінің милық затында.Нысана-жасушасы:жүрек, қан тамырлар,бүйрек. Рецепторлары:мембрана бетінде(беткейлік рецептор),яғни-гидрофильді.Мембрананың билипидті қабатынан өте алмау себебі:гидрофильді қасиеті бар жәе макромолекулалы құрылым.
Тироксин.Синтезделу орны:қалқанша безінің Т-тиреоциттерінде.Нысана-жасушасы:организмдегі бүкіл тіндер және бауыр
Достарыңызбен бөлісу: |