Көрініс: «Жақсылығың қайтар өзіңе»
3- Жүргізуші: In our country this holiday is celebrated only third year.
Our president entrusted us to celebrate this holiday, in order to be kind, responsive and to help each other.
Thanksgiving day was originaly holiday of expression of gratitude to all and to family and friends for material well-being and good attitude
«Алғыс айту» ойыны
1- жүргізуші: Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының
ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының
пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар. Қорытынды ретінде, осы ұлт өкілдерінің тілдерінде «Рахмет» сөзін бірге атсақ.
Студенттер әр түрлі тілде «Рахмет» сөзін айтады
Қорытынды сөз куратор: Студенттер, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Қазақ даналығында «Жаңбырменен жер көгерер, бата менен ел көгерер» дейді. Сол себепті, қайда жүрсеңіздер де ақ бата алуға тырысыңыздар! Ол сіздердің болашақтарынызды жарқын етеді. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер! Бүгінгі «Алғыс айту - парызым!» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатынан «ризашылық, алғыс» сөздерінің жүректеріңіздің түбінде сақталып қалатынына сенімім мол!
Достарыңызбен бөлісу: |