Байланысты: 1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)
6 Таратылған жүйеде процестерді синхрондау Синхрондауға негізгі ыңғайлар Байырғы архитектураларды синхрондау барлық процестерге ортақ учаскілерде орындалатын. Таратылған жүйелерде синхрондау орталықтандырылмаған алгоритмдерді қолданады. Мұндай алгоритмдер немесе қасиеттерге ие:
іске қатысты ақпарат көптеген компьютерлер арасында таратылған;
жалпы сағат немесе нақты ауқымды уақыттың басқа көзі болмайды.
Алғышқы үш қасиет бір орында шешім қабылдамау үшін барлық қажетті информацияны жинауға болмайтының көрсетуі.
Т аратылған жүйелердегі өзара орталықтандырылған алгоритм Барлық процестер өзінен соң кім тұрғанын біле тұрып, логикалық шеңбер құрайды. Шеңбер бойында критикалық сенушіге рұқсат беретіне маркер айналып тұрады. Маркерді алған соң процесс оны өзінде ұстап тұрып, критикалық секцияға кіреді, не егер оған критикалық секция керек болса, маркерді әрі қарай береді. Меркерді бермей, екі рет қатарынан критикалық секцияға кіруге болмайды.
Уақытша таңбалар енгізілгендегі орталықтандырылмаған алгоритм.
Алгоритм уақыт бойынша жүйедегі барлық оқиғалардың ауқымды реттелгенін талап етеді. Процесс критикалық секцияға енгісі келген кезде, ол барлық қалған процестерге секцияның атымен өз нөмерімен және ағымдағы уақытпен хабар жібереді. Содан соң процесс барлық процестен рұқсат күтеді. Осыдан кейін ғана критикалық секцияға кіруге болады. Процесс сұраныс – хабар алып, өзінің күйіне байланысты көрсетілген критикалық секцияға келесі әдістердің бірімен әрекет етеді:
егер алушы берілген критикалық секция ішінде болмаса және оған кіруге рұқсат сұрамаса, онда ол «рұқсат» хабарын қайтарады;
егер алушы критикалық секцияға кіруге сұраныс беріп қойып, бірақ оған әлі кірмесе, онда ол уақытша уақытына таңбаларды салыстырады.
Егер келген сұраныстың таңбасы бұрынғы болса, онда ол «рұқсат» хабарын қайтарады.
Критикалық секциядан шыққан соң процесс сұраныстары есте қалған барлық процестерге «рұқсат» хабарын жібереді, сосын барлық сақталған сұраныстарды өшіреді.
Атомарлы транзакциялар. АТ – жұмыстың логикалық бірліктеріне беретін синхронизациялаудың жоғарғы деңгейлі құралдары. Ереже бойынша жұмыстың логикалық бірліктері амалдар қатарының келісуі болып табылады. Транзакция процесін қолдайтын жүйе, егер қандай да бір амалды орындау уақытында қателік болса, онда барлық жаңартулардың жоққа шығарылуына кепілдік береді. Транзакция нәтижесінде не толығымен орындалады, не толығымен орындалмайды. Транзакциялар транзакция администраторынан келесі операторлардың көмегімен қамтамасыз етілуі: