1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)


Файлдарды ұйымдастыру тәсілдері. Файлдық жүйенің менеджері. Файлдарды қорғау мен сақтау



бет24/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)

10. Файлдарды ұйымдастыру тәсілдері. Файлдық жүйенің менеджері. Файлдарды қорғау мен сақтау.
1. Файлдарды ұйымдастыру тәсілдері. Файлдық жүйенің менеджері.
Файлдар бірнеше тәсілдермен ұйымдастырылуы немесе құрылымдануы мүмкін. Құрылымның үш түрі 10.1-суретте көрсетілген. 10.1а суретегі файл байттардың құрылымдалмаған тізбегін көрсетеді. Бұл жерде операциялық жүйе файл мазмұнына қызығушылық танытпайды. Оның бар көретіні – байттар. Бұл байттарға мәндер пайдаланушы деңгейіндегі бағдарламалармен меншіктеледі. Мұндай тәсіл UNIX-пен қатар Windows 98 жүйесіне де тән. Оперциялық жүйенің файлдарды тек байттар тізбегі ретінде трактовкалауы максимальді иілгіштікті қамтамасыз етеді. Пайдаланушы бағдарламалары файлға барлық нәрсені орналастыра алады және оларды өздеріне ыңғайлы кез келген тәсілмен атай алады. Операциялық жүйе бұл процеске араласпайды, бұл ерекше нәрсе жасауға жиналған пайдаланушылар үшін айтарлықтай құнды болып табылады. Құрылымдау бағыты бойынша бірінші қадам 10.1,б суретте көрсетілген. Берілген модельде файл әрқайсысы өз ішкі құрылымымен болатын фиксирленген ұзындықтағы жазбалар тізбегі болып табылады. Жазбалардан тұратын файлдар үшін ең маңыздысы – оқу операциясы бір жазбаны қайтарады, ал жазу операциясы бір жазбаны жаңалайды немесе толықтырады. 80 тесікті бағандардан тұратын перфокарталар қолданылған бірнеше ондаған жылдар бұрын көптеген операциялық жүйелер (мэйнфреймдерде) 80-символдық жазбалар – перфокарталар бейнесінен тұратын файлдарды операциялады. Бұл операциялық жүйелермен сызықтық принтерлерге арналған (сол кездері бір қатарда 132 символ баспаға шығаратын) 132-символдық жазбалардан тұратын файлдар да қолдау тапты. Нәтижесінде бағдарламаларды кіріс файлдарынан 80-символдық блоктарды оқыды және сол сәтте оларды 132-символдық блоктарға кеңейтті. Қазіргі кезедегі ешқандай әмбебап жүйе бұлай жұмыс істемейді.

Сурет 10.1 – Файлдың үш типі: а – байттар тізбегі; б – жазбалар тізбегі; в - ағаш
Файлдық құрылымның үшінші нұсқасы 10.1,в суретте көрсетілген. Мұндай ұйымдастырылуда файл жазбалар ағашы болы табылады (міндетті түрде бірдей ұзындықта емес). Әрбір жазба фиксирленген позицияда кілттік өрістен тұрады. Ағаш берілген кілт бойынша жылдам іздеу мақсатында кілттік өріс бойынша реттеліп қойылған.
Мұндағы негізгі файлдық операция мүмкін болса да келесі жазбаны алу емес, кілттің көрсетілген мәніндегі жазбаны алу болып табылады. 10.1,в суретте көрсетілген файл үшін, мысалы жүйеден жазбаның файлдағы дәл орнына алаң болмай-ақ «пони» кілтті жазбаны сұрауға болады. Жаңа жазбаны қосу барысында оны қайда қоюды пайдаланушы емес, операциялық жүйе шешуі тиіс. Файлдардың мұндай типі UNIX және Windows 98 жүйелерінде қолданылатын құрылымдалмаған байттар ағынынан принципиальді түрде ерекшеленеді. Осыған ұқсас файлдық жүйелер деректерді коммерциялық өңдеу үшін де пайдаланылатын үлкен мэйнфреймдерге тән болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет