Орналастырустратегиясы Жадты беттік ұйымдастыру жағдайында орналастыру стратегиясы жадтың барлық бөліктерінің өлшемдері бірдей болғандықтан тривиальді түрде іске асырылады. Жадты сегменттік ұйымдастыру жағдайында екі тәсіл ерекшеленеді.
Бос жад тізімін жасау. Тізімді адрестердің немесе фрагменттер өлшемдерінің өсу реті бойынша ұйымдастыруға болады. Тізім жасаудің белгілі стратегиясы – 2-ң қайсыбір дәрежесі өлшеміндегі блоктар жағдайындағы егіздер әдісі болып табылады.
Жадты нығыздау болып табылатын қоқысты құрастыру. Қоқысты құрастырудың кері әсері жеткілікті, мысалы, оның көзінше ағымдық тапсырмаларды тоқтатып қоюға тура келеді.
Итермелеу (вталкивания) стратегиясы Итермелеудің екі негізгі стратегиясы бар:
жоқ бет қажет болған сәтте іске асырылатын сұраныс бойынша итермелеу.
алдын орап кетумен итермелеу. Ол бағдарлама тәртібін алдын ала білу мүмкіндігі бар болса ғана қолданыла алады. Бұл өте сирек жағдайларда ғана (мысалы, тізбектей өңделетін үлкен массивпен жұмыс істеу барысында) жасалынады. Жадта жоқ бет қажет жағдайда операциялық жүйе үзілуді генерациялайды. Ары қарай виртуальді жад менеджеріне жүгіну орындалады. Ол қатты дисктен қажетті бетті оқып, оны жадтың бос бөлігіне жазады, беттер кестесін түзетеді және процессорға әрекеттің қайта орындалуына команда береді.
Ығыстыру стратегиясы Негізгі жадтан ығыстырылатын бетті анықтау үшін келесі алгоритмдер пайдаланылады:
1. Оңтайлылық принципі (Биледи прнципі). Ұзақ уақыт бойы жүгіну жасалмайтын бетті ығыстыру керек. Бұл принцип практикада іске аспайды, бірақ басқа алгоритмдерді бағалау кезінде эталон ретінде пайдалануға болады.
2. Кездейсоқ таңдалған бетті ығыстыру. Бұл әдістің кемшілігі кездейсоқ жолы болуда, ал артықшылығы – дискриминациялаудың жоқтығы.
3. Бірінші жүктелген бетті ығыстыру. Әдістің артықшылығы – жеңіл іске асырылады, кемшілігі – үлкен жүйені жүктеу барысында тиімді емес. Бұл әдістің аномалиясы бар