Байланысты: 1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)
4.Үрдістерді басқару және ұйысмдастыру. Үрдіс және ядро ұғымы. Үрдістің виртуалдық мекен-жайлық кеңістігін сегментациялау. Үрдіс мәнмәтінінің құрылымы. 1 Үрдістерді басқару және ұйысмдастыру. Үрдіс және ядро ұғымы Үрдіс және ядро ұғымы файлдарға қол жеткізуде қолданылады. Ескі операциялық жүйелерде файлдарға тек бір ғана қол жеткізу түрі - тізбектік қол жеткізу ұсынылды. Бұл жүйелерде процесс байттар мен файлдар жазбаларын басынан бастап соңына дейінгі ретпен ғана оқи алатын. Сонымен қатар тізбектік файлдар үшін оларды қанша қажет болса соншалықты жиі оқуға мүмкіндік беретін «қайта орау» (перемотка) қолдау тапты. Тізбектік файлдар ақпаратты сақтау құрылғысы ретінде диск емес магниттік лента пайдаланылатын кездері ыңғайлы болды.
Дисктер пайда болғаннан бастап байттарды немесе файлдар жазбаларын кездейсоқ ретпен оқу немесе жазбаларға кілт бойынша қол жеткізу мүмкін болды. Байттары кездейсоқ ретпен оқылатын файлдар кездейсоқ қол жеткізу файлдары деп аталады. Мұндай файлдар көптеген қосымшаларда пайдаланылады. Кездейсоқ қол жеткізу файлдары бірқатар қосымшалар, мысалы, деректер қоры үшін өте маңызды болып табылады. Егер клиент нақты рейске орын алу мақсатында авиакомпанияға телефон шалатын болса, авиабилеттерді резервтеу бағдарламасы басқа рейстер туралы ақпараттардан тұратын мыңдаған жазбаларды оқымастан, қажетті жазбаға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болуы керек. Оқуды бастау орны екі тәсілмен көрсетіледі. Бірінші жағдайда әрбір read операциясы айқын емес түрде файлда позиция орнатады. Екінші жағдайда жаңа ағымдық позицияны орнататын арнайы seek операциясы пайдаланылады. Seek операциясы орындалып болған соң файлды ағымдық позициядан бастап тізбектей оқуға болады.
Мэйнфреймдерде жұмыс істейтін кейбір ескі операциялық жүйелерде файлға қол жеткізу тәсілі (тізбектік немесе кездейсоқ) файлды құру моментінде көрсетілетін. Бұл операциялық жүйеге әртүрлі кластағы файлдарды сақтаудың түрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік берді. Қазіргі кездегі операциялық жүйелерде мұндай айырмашылық жоқ. Барлық файлдар автоматты түрде кездейсоқ қол жеткізу файлдары болып табылады.