1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар


Нағыз гликопротеиндер, құрылысы, маңызы, өкілдері



бет12/38
Дата04.12.2022
өлшемі209,1 Kb.
#54691
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Нағыз гликопротеиндер, құрылысы, маңызы, өкілдері.

Нағыз гликопротеидтердің өкілдеріне: муциндер; иммуноглобулиндер; қанның тобын анықтайтын белоктар; гормондар; тасымалдаушы белоктар жатады.Нағыз гликопротеидтерде белоктың мөлшері шамамен 80%, ал простетикалық топ – шамамен 20%. Простетикалық тобының құрамында түрлі полисахаридтер және олардың амин туындылары, нейраминдер, сиал қышқылдары әр түрлі мөлшерде болады, белгілі бір жүйелілік байқалмайды, яғни жүйесіз көмірсулардан тұрады. Нағыз гликопротеидтер ағзада кең таралып, алуан түрлі қызметтер атқарады:

  1. Протеогликандар, құрылысы, маңызы, өкілдері.

Протеогликандар, құрылысы, өкілдері, олардың маңызы.
Протеогликандар аздаған 2-2,3% белоктан ( 10%), ал қалғаны простетикалық тобы көмірсулардан – 90-98% тұрады.
Протеогликандар құрамындағы көмірсулардың құрылысы жүйелі түрде болады.
Протеогликандар – күрделі белоктар. Олар үлкен теріс зарядты полианион болғандықтан катиондармен байланысып, олардың диффузиясын қамтамасыз етеді, фибриллярлы структура түзуге қатысады, базальды мембрананың құрамына кіре отырып, заттардың диффузиясын қамтамасыз етеді. Протеогликандар құрылымдық белоктармен байланысып, молекулалық елек түзеді, олар метаболиттердің, судың диффузиясын реттейді, катиондардың алмасуын қамтамасыз етеді. Протеогликандардың простетикалық топтары гликозамингликандар (ГАГтар). Олар үш топқа бөлінеді: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфат, гепарин.
3.Протеогликандардың простетикалық тобы, құрылысы, маңызы.Протеогликандар мөлшерінің небәрі 2-5% белоктық, ал қалған бөлігін простетикалық тобы- гликозамингликандар (ГАГтар) құрайды. Олардың құрылысы жүйелі түрде қайталанып отыратын дисахаридтерден тұрады. Дисахаридтің құрамына урон қынқылы және ацетилгексозаминдер (суреет. 7) кіреді. ГАГтардың 6 түрі болады: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфаттар А, В, С, кератансульфаттар және гепарин. Олардың бір-бірінен айырмашылығы урон қышқылдарының, гексозаминдердің табиғатында,сульфаттану дәрежесінде, мономерлерді бір-бірімен байланыстыратын химиялық байланыстың түрінде және молекулалық массасы мен қасиеттерінде. Төмендегі кестеде адам организмінде кездесетін глюкозаминдердің негізгі өкілдері келтірілген:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет