1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар


 А витамині. Құрылысы, биологиялық рөлі, авитаминозы



бет42/45
Дата19.10.2023
өлшемі212,09 Kb.
#119216
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келт-emirsaba.org

84. А витамині. Құрылысы, биологиялық рөлі, авитаминозы, 
тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы. 
А витамині, ретинол
Құрылысы/хим.табиғаты: Майда еритін А витамині циклді
қанықпаған бip атомды спирт.
Ол бета-ионон сақинасынан, 2 изопрен қалдығынан және 6
біріншілік спирт тобынан құрылады.
Биологиялық әсері: 1)Көздің тор қабатында қараңғыда ретинол
тотығып, цис-ретиналь түзіледі. Ол опсин белогімен қосылып
родопсинге ауысады. Сәуленің әсерінен цис-ретиналь транс-
ретинальға айналады. Сонымен жарық кезде родопсинге қажеті
жоқ, ал кешке родопсин көздің көру қабілетін арттырады, фото
сенсибилизатор рөлін атқарады.
2)А витамині кератиндену процесін (кератин түзілуі) төменгі
деңгейде ұстап тұрады. Ретинол цистеинді цистинге
тотьқтыратын купрум- ферменттің активтілігін тежейді. Цистин
кератиннің синтезіне қажет. 3)Дамып келе жаткан ағзаның
(эмбрионның, жас организмнің) жасушаларының калыпты ecyi
мен дифференциациясын реттейді 4)А витамині
антиканцерогенді болып табылады. 5)А витамині және
ретиноидтар жасушалық иммунитет реакцияларын стимульдейді,
Т - киллерлердің активтілігін арттырады. 6)Дәнекер, шеміршек,
сүйек тіндерінің түзілуіне, өсуіне қатысады.
Авитаминозы: А витаминінің жетіспеушілігінің клиникалык
көріністері: кешқұрым көрудің бұзылуы (гемералопия немесе
акшам соқырлык), қараңғыға бейімделіктің күрт төмендеуі. А
витаминінің авитаминозынан көз алмасының закымдануы -
ксерофтальмия, яғни көз жиегі эпителий қабатының



қатпарланып, эпителийдің мүйізденунее байланысты көздің жас


шығатын жолдарын жауып, жас бөлінуіне кедергі болады. Бұл өз
кезегінде конъюктивиттің, көздің қасан кабығының ісінуі, кебyi
және жұмсаруы, яғни кератомаляцияға әкеледі. Егер дұрыс ем
қолданбаса, адам соқыр болып қалуы да мумкін. Балаларда
авитаминоз кезінде сүйектердің өcyi тоқтайды. Барлық
мүшелердің эпителий жасушаларыныц кератозы, соның
салдарынан тер шамадан тыс мүйізденуі, ас қорыту жолдарының,
зәр-жыныс, тыныс алу жолдарының эпителийлерінің
зақымдануына әкеледі Бассүйектің өсуінің тежелуі орталық
жүйке жүйесі тіндерінің зақымдануына, сондай-ақ жұлын-ми
сұйыктығы қысымының артуына әкеледі.
Тәуліктік қажеттілігі: 1,5-2 мг
Тағам көздері: А витамині тек жануар текті тағамдарда- ipi қара
мал мен шошқаның бауырында, жұмыртқаның сарысында, сүт
тағамдарында, балық майында кездеседғ. Өсімдік текті
тағамдарда (сәбіз, томат, бұрыш, салат, т.б.) А витаминінің
провитаминдері каротиноид бар болады. Ішектің шырышты
қабатында және бауыр жасушаларында арнайы фермент
каротиноксидаза бар, ол каротиноидтарды А витаминінің активті
формасына айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет