1-нұсқа
Нұсқаулық: Контекстті мұқият оқып, берілен тапсырмалардың
дұрыс жауабын беріңіз.
Қазақстанның табиғат зоналары
Табиғат зонасы географиялық белдеудің бір бөлігі екені белгілі. Ол күн радиациясының мөлшері, ылғалдылық, топырақ типтері, өсімдік және жануарлар дүниесі сияқты зоналылық факторларға байланысты бөлінеді. Оның ішінде негізгісі жылу мен ылғалдылықтың арақатынасы болып табылады. Қазақстанның аумағында солтүстіктен оңтүстікке қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып келіп отырады.
1. Еліміз аумағының 44%-ын алып жатқан зона
A. дала;
B. орманды дала;
C. шөлейт;
D. шөл;
E. таулы аумақтар.
2. Жайық өзені өтетін табиғат зоналары
A. дала мен орманды дала;
B. шөлейт пен орманды дала;
C. шөлейт пен шөл;
D. дала мен шөлейт;
E. таулы аумақтар.
3. Дала зонасының топырағы
A. сұр топырақ;
B. қоңыр сұр топырақ;
C. қара топырақ;
D. қызғылт топырақ;
E. ашық-сұр топырақ.
4. Шөл зонасына қатысты дұрыс сипаттаманы анықтаңыз
A. өсімдік жамылғасын шымда өсетін астық тұқымдастар дұғаш, бетеге, селеу т.б құрайды;
B. жылына 300 мм-ден көп мөлшерде жауын-шашын түседі;
C. зонаның көп бөлігі 480 және 500 с.е. параллельдері арасында орналасқан;
D. жануарлардан бұлан, суыр, дуадақ мекендейді;
E. бұл зонаның басты ағашы – сексеуіл, оның көптеген жанама аттары бар.
Электрэнергетикасы
Электрэнергетикасы әртүрлі типтегі стансыларда электр қуатын өндірумен айналысады. Қазақстанда жылу электрстансылары (ЖЭС), су электрстансылары (СЭС), атом (АЭС), жел (ЖелЭС) және Күн (КЭС) салынған. Жылу электрстансылары органикалық отындармен – көмір, газ, мазутпен жұмыс істейді. Олар конденсациялық және жылулық болып бөлінеді. Үлкен аймақтарды электр энергиясымен қамтамасыз ететін конденсациялық стансыларды мемлекеттік аймақтық электрстансылары (МАЭС) деп атайды.
Су электрстансылары адамның қатысуынсыз жаңаланып тұратындықтан ең арзан энергияны береді.СЭС-те отын үнемдеп, атмосфераға зиянды заттар шығармайды. Бір өзенде бірнеше СЭС тобын орналастыруға болады, оны каскад деп атайды.
1973-1992 ж.ж. Ақтау маңында жылдам нейтрондағы әлемдегі тұңғыш өндірістік АЭС жұмыс істеді. Станса өз мерзімі бойынша жұмыс атқарды, қазір оның реакторлары тоқтатылған.
1. Электр қуатын өндірудегі ЖЭС-тің үлесін анықтаңыздар
A. 10%;
B. 25%;
C. 40%;
D. 66%;
E. 90% .
2. Сырдария өзенінде салынған СЭС
A. Бұқтырма;
B. Қапшағай;
C. Шардара;
D. Мойнақ;
E. Шүлбі.
3. СЭС каскады салынған өзен
A. Іле;
B. Сырдария;
C. Есіл;
D. Ертіс;
E. Тобыл.
4. Еліміздің ең ірі, қуатты жылу электрстансысы
A. Алматы ЖЭС-2;
B. Балқаш ЖЭС;
C. Екібастұз МАЭС-і;
D. Жамбыл МАЭС-і;
E. Қарағанды МАЭС-і.
2-нұсқа
Қазақстанның ірі табиғи аумақтары
Қазақстан аумағындағы ірі табиғи аймақтарды бөлу табиғи немесе физикалық-географиялық аудандастыру деп аталады. Табиғи аудандарға бөлудің негізіне геологиялық құрылым, жер бедерінің ерекшеліктері мен климаттағы басты айырмашылықтар жатады. Демек, табиғи аудандар – геологиялық құрылымы мен жер бедері және климатының ерекшеліктері бойынша бөлінетін азоналық табиғи кешендер – Қазақстанның ірі аумақтары болып саналады. Осыған сәйкес қайталанбас көркем табиғатымен, кең массивті құмдарымен, жазира даласымен, қарлы биік тауларымен, құрғақ климатымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыстарымен, күрделі геологиялық құрылысымен, көне географиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен өзара ерекшеленетін байтақ елімізді 9 ірі табиғат аймақтарына бөлген.
1. Толығымен Қазақстан аумағында орналасқан табиғи аймақ
А) Тұран жазығы
В) Орал тауы
С) Сарыарқа
D) Алтай тауы
Е) Батыс Сібір жазығы
2. Картада 8 санымен белгіленген табиғи аймақ атауы
А) Алтай
В) Сауыр-Тарбағатай
С) Сарыарқа
D) Жетісу Алатауы
Е) Тянь-Шань таулы өлкесі
3. Шығыс Еуропа жазығының қазақстандық бөлігінің ең ірі өзені
А) Сырдария
В) Жем
С) Есіл
D) Ертіс
Е) Жайық
4. Тарбағатай тауының ең биік нүктесі
А) Мұзтау 4506 м
В) Мұзтау шыңы 3816 м
С) Тастау 2992 м
D) Бесбақан 4622 м
Е) Иманбұлақ шыңы 4674 м
Қазақстанның химия өнеркәсібі
Қазақстанның химия өнеркәсібі – 5 ірі саладан тұрады: 1) кен-химия; 2) негізгі химия; 3) полимерлер химиясы; 4) полимерлерді өңдеу; 5) химия – фармацевтика.
Негізгі химия дамудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді және отандық шикізатпен жұмыс істейді. Ең ірі ауқымдысы – күкірт қышқылын өндіру. Полимерлік химия қуатты шикізат базасының болуына қарамастан, Қазақстан химиясының әлсіз буыны болып табылады. Полимер үшін шикізат – мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газ. Сондықтан олардың өндірісі мұнай мен газ өңдеу орындары мен сумен және электр энергиясымен қамтылған жерлерге жақын орналасады.
1. Еліміздегі хром қосылыстары зауыты орналасқан қала
А) Қарағанды
В) Астана
С) Павлодар
D) Өскемен
Е) Ақтөбе
2. Қазақстандағы фосфор өндірудің басты орталығы
А) Алматы
В) Атырау
С) Семей
D) Тараз
Е) Жезқазған
3. Күкірт қышқылын өндіру атом өнеркәсібімен біріктірілген қала
А) Тараз
В) Жезқазған
С) Балқаш
D) Өскемен
Е) Степногор
4. Негізгі химияның саласы
А) минералдық шикізат өндіру
В) қышқылдар өндірісі
С) химиялық талшықтар өндіру
D) резеңке заттарын шығару
Е) дәрілер даярлау
Достарыңызбен бөлісу: |