1 нұсқа Педагогика
1. Педагогика ғылымының зерттеу объектісі:
A) Жеке тұлғаның даму процесі.
B) Мемлекеттің білім беру жүйесі.
C) Оқушылар ұжымы.
D) Қоршаған педагогикалық шындық.
E) Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
2. Педагогика ғылымының зерттеу пәні:
A) Жеке тұлғаның даму процесі.
B) Білім беру жүйесі.
C) Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған педагог іс-әрекеті.
D) Педагог тұлғасы.
E) Педагогикалық процесс.
3. Педагогика ғылымының негізгі категориялары:
А) Педагог, тәрбиеленуші, мектеп.
В) Тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс.
С) Дамыту, қалыптастыру.
D) Оқыту процесі, тәрбиелеу процесі.
E) Оқу, сабақ беру.
4. Педагогика ғылымының функциялары:
A) Ғылыми-теориялық, технологиялық.
B) Оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын ашу.
C) Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу.
D) Педагогикалық озық тәжірибені қорыту, игеру және тарату.
E) Оқыту, тәрбиелеу принциптерін құру.
5. Адамзат дәуірінің әр даму кезеңдеріндегі тәрбие және білім беру теориясы мен практикасын зерттейтін педагогика ғылымымының саласы:
A) Салыстырмалы педагогика.
B) Әлеуметтік педагогика.
C) Педагогика тарихы.
D) Коррекциялық педагогика.
E) Жалпы педагогика.
6. Жалпы педагогика бөлімдері:
А) Педагогикалық психология, таным теориясы.
В) Жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану.
С) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика.
D) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, үлкендер педагогикасы.
E) Логопедия, сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика.
7. Психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларды оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын педагогика саласы:
A) Валеология.
B) Салыстырмалы педагогика.
C) Олигофренопедагогика.
D) Әлеуметтік педагогика.
E) Этнопедагогика.
8. Әр елдердің білім беру жүйелерінің қызметтерін және дамуын зерттейтін педагогика ғылымы саласы:
A) Салыстырмалы педагогика.
B) Этнопедагогика.
C) Педагогика тарихы.
D) Логопедия.
E) Мектеп педагогикасы.
9. Педагогика ғылымының пайда болу себебі:
A) Ғылыми-техникалық прогресс.
B) Адамды өмірге дайындау қажеттілігі.
C) Тәрбие маңызының артуы.
D) Тәрбие мақсатының өзгеруі.
E) Барлық жауаптар дүрыс.
10. Ғылым ретінде педагогиканың негізін қалаған:
A) Сократ.
B) А.С.Макаренко.
C) Ж.Ж.Руссо.
D) Я.А.Коменский.
E) Д.Локк.
11. Тұлға дамуы – бұл:
A) Адамның дене, психикалық және рухани сипаттамаларының сандық және сапалық өзгерістері.
B) Адам организміндегі сандық өзгерістер.
C) Білімдер, іскерліктер және творчестволық іс-әрекеттер әдістерін игеру.
D) Тәрбие ықпалымен жеке адамның әлеуметтік қасиеттерге ие болуы.
E) Ескінің жоғалуы, жаңаның пайда болуы.
12. Оқушы қабілеттерін дамыту:
A) Табиғи нышандардан тәуелді.
B) Игерген білімдер, іскерліктер көлемінен тәуелді.
C) Оқыған кітаптар санынан тәуелді.
D) Құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынасқа түсуінен тәуелді.
E) Оқу-тәрбие процесін мақсатты ұйымдастырудан және іске асырудан тәуелді.
13. Тұлға дамуында қоршаған ортаны шешуші фактор деп қарастыратындар:
A) Бихевиористер.
B) Прагматиктер.
C) Әлеуметтік бағыт өкідері.
D) Биологиялық бағыт өкідері.
E) Экзистенциалистер.
14. Тұлға – бұл:
A) Жеке адам.
B) Саналы және ойлай білетін адам.
C) Бір адамды екінші адамнан айыратын ерекшелік.
D) Оның әлеуметтік мәнін көрсететін қасиеттер жиынтығы.
E) Тірі организмің дамуының ең жоғары деңгейі.
15. Қандай қасиеттер ата-анадан балаға туғаннан беріледі:
A) Қабілеттер дамуының негізі – нышандар.
B) Әлеуметтік тәжірибе.
C) Адамгершілік қасиеттер.
D) Арнайы қабілеттер.
E) Барлық жауаптар дұрыс.
16. Тұлға дамуының негізгі факторлары:
A) Ойын, оқу, еңбек.
B) Тәрбие, қоршаған орта, тұқымқуалаушылық, іс-әрекет.
C) Отбасы, мектеп, әлеуметтік орта.
D) Білім, іскерлік, дағды.
E) Барлық жауаптар дұрыс.
17. Өмір сүру және іс-әрекет барысында тұлғаның биологиялық және рухани өсуі:
A) Тәрбие.
B) Қалыптасу.
C) Даму.
D) Білім беру.
E) Оқыту.
18. Тұлға дамуының қандай факторы мақсатты және ол қоғам мақсатына сәйкес әсер етеді:
A) Тұқымқуалаушылық.
B) Географиялық орта.
C) Отбасы.
D) Тәрбие.
E) Мектептегі орта.
19. Тұлға қалыптасуына ең аз әсер етеді:
A) Әлеуметтік орта.
B) Географиялық орта.
C) Тәрбие.
D) Тұқымқуалаушылық.
E) Тұлға іс-әрекеті.
20. Жасөспірімнің дене, ішінара психикалық жедел дамуы:
A) Әлеуметтену.
B) Акселерация.
C) Индивидуализация.
D) Өзін-өзі тәрбиелеу.
E) Барлық жауаптар дұрыс .
21. Бала организмінің күрт өсуі және дамуы, жыныстық жетілуі қандай кезеңде жүреді:
A) Сәбилік.
B) Жеткіншек.
C) Мектеп жасына дейінгі.
D) Мектеп жасынан кейінгі.
E) Бастауыш сынып жасында.
22. Педагогика методологиясы:
A) Педагогикалық теорияның құрылымы және негіздері, ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың принциптері, формалары және әдістері туралы оқу.
B) Зерттеу міндеттерін шешу жолдарын көрсетеді.
C) Зерттеушінің зерттелетін құбылысқа деген көзқарасы.
D) Зерттерлетін педагогикалық құбылыстың объективті қасиеттерін көрсететін заңдылықтар.
E) Іс-әрекеттке қойылатын талап, негізгі ереже.
23. Зерттелетін объект туралы нақты деректер алу үшін қолданылатын педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдау:
A) Сауал-сұрақ әдісі.
B) Эксперимент.
C) Әңгімелесу әдісі.
D) Интервью алу.
E) Бақылау әдісі.
24. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі ретіндегі бақылау:
A) Жақсы жұмыс істегендерді мадақтау мақсатымен сенбілік кезінде сынып оқушыларын бақылау.
B) Бақылау жұмысын орындау барысында мұғалімнің оқушылар тәртібін бақылауы.
C) Алдын-ала анықталған мақсатпен белгілі бір схема бойынша оқушылардың іс-әрекетін бақылау, деректерді тіркеу және өңдеу.
D) Оқушылар мен педагогтің тәжірибе алаңында өсімдіктің өсуін бақылаулары.
E) Барлық жауап дұрыс.
25. Басқа жағдайда жүретін тәжірибемен немесе бақылаушы объектімен салыстырылатын,
педагогикалық процесті өңдеп, ғылыми қойылған тәжірибе:
A) Бақылау.
B) Эксперимент.
C) Тәжірибені зерттеу.
D) Педагогикалық процесс.
E) Экспертиза.