1 нуска Микробиология дегенимиз не?


Микроорганизмдерді бояудың қарапайым тәсілі



бет8/8
Дата02.02.2023
өлшемі424,62 Kb.
#64515
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 тема каз

Микроорганизмдерді бояудың қарапайым тәсілі жиі қолданылады, өйткені ол микробтардың морфологиясымен тез және жақсы танысуға мүмкіндік береді. Бояудың қарапайым тәсілінде, тек бір ғана бояуды пайдаланады. Мысалы, Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісі немесе метилен көгі. Бекітілген жағындыға тамызғыштың көмегімен бояудың бірнеше тамшысын тамызады. Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісімен жағындыны 1-2 минут, ал метилен көгімен 2-3 минуттай бояғаннан кейін, оларды сумен шайып, микроскоптың иммерсонды жүйесі арқылы зерттейді. 
Шар формалы микроорганизмдер (кокктар). Барлық микроорганизмдер ядролары мен органеллаларының құрылымына байланысты пркариоттар мен эукариоттарға бөлінеді. Пркариоттардың ядролық заттары (генофоры) мен органеллалары цитоплазмадан арнайы қабықшамен бөлінбеген, ал эукариоттардың ядролары мен органеллалары (митохондриялары мен хлоропластары) цитоплазмадан мембрана бөліп тұрады.
Микроорганизмдердің көбі соның ішінде шар формалылар (кокктар) прокариотты жасушалардың өкілдері. Кокктар (грекше соссus – жидек) сыртқы түріне қарағанда шар формасын еске түсіреді. Олардың сопақ, бұршақ, ланцет тәрізділері де кездеседі. Бөліну сипаты мен клеткалардың орналасуына сәйкес кокктар микрококктарға, тетракокктарға, стафилококктарға, стрептококктарға және сарциналарға бөлінеді.

  1. Микрококктар (грекше micros- кішкене) – зиянсыз, сапрофитті микробтар. Олар бөлінген соң бір-бірімен қосылмай жеке дара орналасады. 

  2. Диплококктар (грекше diplos-қос) – бір жазықтықта екіден қосарланып орналасады. 

  3. Стрептококктар (грекше streptos-тізбек) – бір жазықтықта бөлініп, жасушалар бір-бірімен моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады. 

  4. Стафилококктар (грекше staphyle-жүзім шоғыры) – жасушалар әр түрлі жазықтықта ретсіз жүзім шоғыры тәрізді орналасады. 

  5. Тетракокктар (грекше tetra-төрт) – бір-бірімен перпендикулярлы екі жазықтықта бөліну себебінен түзіліп, төрт жасушадан орналасады.

  6. Сарциналар (латынша sarcio-байланыстыру) – өзара үш пар перпендикулярлы жазықтықта бөлініп, сыртқы формасы кірпіш тәріздес 8-16 және одан да көп болып орналасады. 

Үй тапсырмасы:
1. Тақырып бойынша конспект жазу және сол конспектті оқытушының поштасына жіберу (turdygazina@list.ru) 02.09 күні.
2. Платформадағы тестке жауап беру
3. Сұрақтарға ватсап арқылы жауап беру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет