1 Общие требования



бет12/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін орган дарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекшеге, қарынша) тұратын жүрегі болады. Жүрекшеге жұқа қабырғалы веноздық синус (вена қолтығы) жалғасады, оған барлық вена тамырлары қосылады. Құрсақ қолқасынан 8 пар қан алып келгіш желбезек артериясы кетеді. Олар желбезек аралықтарына барады. Әрбір артерия бүтін желбезек қапшығын қанмен қамтамасыз етпейді, ол екі желбезек аралық қатпарға қан алып келеді, анығырақ айтқанда, алдыңғы желбезек қапшығының артқы жартысына және одан кейінгі желбезектің алдыңғы жартысына қан жеткізеді.

Сурет 11 – Миноганың құрсақ жағынан қарағандағы жүрегі:
1 – вена синусы; 2 – жүрекше; 3 – қарынша; 4 – құрсақ аортасы; 5 – алдыңғы кардинальды веналар; 6 – артқы кардинальды веналар; 7 – бауыр венасы; 8 – төменгі яремдік вена.

Қанды алып кететін желбезек артериялары қолқаның дара түбіріне келіп кұйылады одан алға қарай ұйкы артериялары кетеді де ал қолқа түбірі артқа созылып, негізгі арқа қолқасы болып есептеледі. Арқа қолқасы хорданың астымен қуалай отырып, дененің артқы бөлімдеріне артерия қанын таратады. Вена қаны бастан шықшыттың қос веналарымен келіп вена қуысына құйы лады. Дененін артқы бөліміндегі вена қаны артқы қос кардиналдық веналарымен келіп, осы вена қуысына құйылады. Ішектерден жиналған вена қаны ішек асты вена мен бауырға келіп, мұнда қан айналуының қақпалық систе масы пайда болады. Бауырдағы қан бауыр венасымен келіп вена қуысына құйылады. Бүйректе қан тамырларының қақпалық системасы болмайды.



Сурет 12 – Миноганың қан айналыс жүйесінің құрылысы:


1— арқа аортасының түбірі; 2—қан әкетуші желбезек артериясы; 3 — алдыңғы кардиналь (яремдік) вена; 4 — арқа аорта; 5 — артқы кардиналь вена; 6- ішек артериясы; 7 — қан әкелуші желбезек артериясы; 8— қурсақ аортасы; 9 — желбезек саңылаулары; 10 — қарынша; 11- жүрекше; 12—вена синусы; 13 — бауыр венасы; 14- ішек асты венасы; 15—құйрық венасы және артериясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет