1 Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі



бет2/3
Дата05.12.2023
өлшемі22,33 Kb.
#134650
1   2   3
Байланысты:
1 Дәріс

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып, жүзеге асырады.
Бөлу және бақылау функциялары - бұл бір экономикалық үдерісінің екі жағы. Тек олардың бірлігі мен тығыз қарым-қатынасы арқылы ғана қаржылар құндық бөлу категориясы ретінде көріне алады.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар каржыға мына функцияларды береді:
1 ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2 ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3 бақылау функциясы.
Бақылау функциясы қаржылық бақылаудажалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асыратын құрал болып қаржылық ақпарат табылады. Ол бухгалтерлік, статистикалық және жедел есептіліктердегі қаржы көрсеткіштерінде көрінеді. Қаржы көрсеткіштері шаруашылық жүргізуші субъектілердің әр түрлі бағыттарын көруге және шаруашылық қызметінің қорытындыларын бағалауға мүмкіндік береді. Соның негізінде қолайсыз үдерістер мен қызметтерді жоюға бағытталған шаралар жүргізіледі.
Қаржыға тән бақылау функциясы ұлттық шаруашылықтағы қаржылық тәртіптің жағдайына сәйкес толық немесе жартылай түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Қаржылық тәртіп - бұл кәсіпорынға, ұйымдарға, мекемелерге және лауазымды қызметкерлерге қаржылық шаруашылық жүргізудің ортақ белгіленген тәртібі, қаржы міндеттемелерін орындау үшін бекітілген нормалар мен ерекшеліктерді сақтауы.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
- қаржылық-шаруашылық бақылау;
- қаржылық-бюджеттік бақылау;
- кредиттік-банктік бақылау;
Қаржы ресурстары — бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайда-ланылады.
Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:
1) мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық
тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес
жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі
әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
2) бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы
мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс
ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді.
Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде (мемлекет деңгейінде) және микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде) іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді:
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:
- жалпы ішкі өнім;
- ұлттық байлық;
- тартылған (қарыз) ресурстары;
Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:
- меншікті қаржы ресурстарының көздері: өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді);
- субъектінің сыртқы экономикалық қызметі; мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер);
- шаруашылық жүргізуші субъектісінің меншікті қаражаттарына теңестірілетін қаражаттар (олар субъектінің қарамағында болады): тұрақты пассивтер нысанындағы жалақы; қосымша жалақы — қызметкерлердің демалыстарын төлеуге арналған ақша (есептелінеді, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектісінің қарамағында болады);
- тартылған қаражаттар (бұл кәсіпорынның қаржы нарығында — бағалы қағаздар, несие капиталдары және т.б нарығында қалыптастыратын қаражаттары): акциялар мен облигацияларды сату; қарыз қаражаттары;
- қаражаттарды қайта бөлу тәртібімен алынатын көздер: жоғары инстанциялардан (министрліктерден, бюджеттен алынатын) алынатын қаражаттар; сақтық өтеулері (сақтандыру — қаражаттарды қайта бөлу әдісі).
Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет