1 Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі



бет3/3
Дата05.12.2023
өлшемі22,33 Kb.
#134650
1   2   3
Байланысты:
1 Дәріс

Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері болады:
1 Мемлекеттік күрделі жұмсалымдар (бұл әдіс экономиканы
жандандыру, өндірістің жаңа салаларын жасау үшін пайдаланылады).
2 Мемлекеттік көтере сатып алу (оның көмегімен жиынтық
сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлардың уақтылы етуіне
мүмкіндік туғызады).
3 Субсидиялар (өтеусіз берілетін қаражаттар). Олардың мынадай түрлері болады: демеуқаржы (залалдарды, берешектерді, мысалы, жалақы жөніндегі, жабуға пайдаланылатын субсидиялардың түрі); субвенциялар (мақсаты шығындарға жұмсалатын субсидиялардың түрі); экспорттық сыйлықақылар (экспортталатын тауардың бағасын төмендету үшін пайдаланылатын субсидиялардың түрі).
4 Бірлескен кәсіпорындарға жұмсалатын инвестициялар.
5 Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік - мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.
Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары болады:
1 айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету;
2 өндірісті қысқарту;
3 тауар-материалдық қүндылықтардың қосалқы қорларын
қысқарту;
4 материал сиымдылығын қысқарту;
5 меншікті қаражаттарды қарыз қаражаттарымен ауыстыру.
Қаржы ғылымында пікірталас туғызатын бірнеше мәселелер бар. Ең алдымен, қаржылық қатынастардың аясы мен экономикалық табиғаты туралы мәселелер. Бұған дейін айтылғандай, қаржы ұдайы өндіріс үдерісінің екінші кезеңінде - қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу барысында туындайды; ал басқа бір теориялық тұжырымдамада қаржыны жалпы ұдайы өндіріс категориясы ретінде қарастырып, оның құрамына айырбас кезеңіндегі ақша қатынастарын қосады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет