Практика тапсырмасы:
1. Оқытудың негізгі сипаттары:
-екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді;
-қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі;
-танымның ерекше үдерісі;
-тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;
-басқарушылық
Оқытудың негізгі сипаттамалары бойынша қысқаша анықтама жазыңыздар
Жоғарыда аталған оқытудың негізгі сипатамаларына сіздер тағы қандай ерекше сипаттаманы қосар едіңіздер? және не үшін? Осы екі сұраққа жауап жазсаңыздар
1. Оқыту - оқытушының да, студенттің де іс-әрекетін бірдей және олардың өзара әрекеттестігін бейнелейтін екіжақты процесс. Оқыту мен тәрбие процесінде адамның көзқарасы, адамгершілік қасиеті қалыптасып, қабілеті дамиды.
2. Кәсіпті игеру үшін негіз жасайтын мазмұнды анықтауды басты бағыт деп есептеуге болады. Университет жағдайында мүғалім кәсібіне бағдарлау төменгі курстарда оқытылатын іргелі гылымдардың негіздік мазмұнын және мүғалімнің практикалық қызметіне даярлануға тікелей жәрдемдесетін жұмыстың технологиялары мен дидактикалық нысандарын іріктеу арқылы іске асады.
3. Жеке тұлғаның бітімі - танымдық ізденімпаздығы тұжырымдамасын құрастырудың негізі. Танымдық ізденімпаздықты барлық зерттеушілер жеке тұлғаның қасиеті ретінде қарастырады. Алайда, танымдық ізденімпаздықтың мүндай түсініктемесін негіздеу үщін жеқе тұлғаның білімін талдау көзделеді. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.
4.Баcқарушылық. Оқытудағы мақсаттылықты, жоспарлауды, болжауды, диагностикалық кезеңдерді, білімнің нәтижелілігін болдыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдер мен амал-жолдарды үнемі өзгертіп отырады.
оқушылардың ойлау әрекетін ұйымдастыру барысында басқарушылық даярлығы, әр түрлі вариантта айтылған пікірлерді салыстырып, өзінің ісіне ең үйлесімдісін таңдауы, педагогтық қызметтің негіздерін білу;
Оқыту үрдісінің келесідей белгілерін көрсетсек:
1. екі жақты сипаты;
2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
3. оқыту жағынан басқаруы;
4. арнайы жоспарланған ұйымдастру мен басқару;
5. бүтіндік пен бірлік;
6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі
Орындаған: Беимбетова Г.К.
Достарыңызбен бөлісу: |