1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары


Қанның жас ерекшеліктері. Қан айнау мүшелері



бет3/6
Дата15.12.2023
өлшемі190 Kb.
#138339
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
7. Қанның жас ерекшеліктері. Қан айнау мүшелері
Организмнің ішкі ортасы: қан, ұлпа сүйықтығы, лимфа. Қанныњ жасалуы, тасымалдық, қорғанытық т.б. функциялары. Қан топтары. Жүректің құрылысы мен қызметі, жүрек қызметінің циклі. Қан айналудың жалпы схемасы. Қан және лимфа тамырлары. Жүректің минуттық және систолалық көлемінің жасқа сай өзгерісі. Жүрек-тамыр жүйесі жұмысының реттелуі, оның жас ерекшеліктері. Жүрек пен тамырдың ғсер етуші жағымсыз факторлары. Жүрек пен тамыр аурулардың алдын алу жолдары.
8. Тыныс алу мүшелерінің жасқа сай ерекшелігі
Балалық кезендегі тыныс алу органдарыныњ құрылысы мен қызметініњ ерекшеліктері. Тыныс алу қозғалысы, жиілігі мен терењділігінің өкпенің тіршілік сиымдылығының, тыныс алудың минуттық көлемінің, газ алмасудың жасқа сай ерекшеліктері. Тыныс алу типтері. Спирометрия. Тыныс алуды ерікті реттеудің жас ерекшеліктері. Қоршаған орта ауасының денсаулықты сақтаудағы ролі.
9. Ас қорту мүшелері, олардың жас ерекшеліктері, зат және энергия алмасуы
Ас қорыту органдардының құрылысы мен қызметі. Зат және энергия алмасуы - организмніњ тіршілік әрекеттерінің негізі. Бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз ету. Жасқа байланысты организмнің белокқа деген қажеттілігі. Әр түрлі жастағы май және көмірсу алмасуларының ерекшеліктері. Баланың өсу, даму процестеріндегі судың, тұздың, микроэлементтердің, витамидердің маңызы.
10. Сыртқа шығару мүшелерінің жасқа сай ерекшелігі
Зәр шығару жүйесі. Бүйректің құрылысы мен қызметі. Терінің құрылысы мен қызметі, жас ерекшелігі. Терінің қорғаныш қызметі. Дене температурасын тұрақты ұстаудағы терінің ролі. Балалар мен жеткіншектер организмініњ жылу алмасуы. Күю мен ысу кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны


Тақырып 1 Жүйке жүйесінің физиологиясы
Жүйке жүйесінің ақпаратты қабылдау, өндеу, өткізу, түрлеше организм реакцияларын ұйымдастыру және психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі рөлі. Жүйке талшықтарының жас ерекшеліктері және олардың миелинденуіне байланыстылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет