1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»



бет18/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
18.ІХ-ХІ ғасырлардағы Англия
407 жылы Рим легиондары Британияны тастап, материкке кетті. Легионер- лердің артынан біртіндеп Римнен қоныс аударушылар да құрлыққа орала бастады. Британияның кельт тұрғындары өзімен-өзі қалды.Аралдағы Рим мəдениеті құри бастады. Кельт көсемдерінің арасында өзара соғыс басталып кетті. Солтүстіктен андасанда пиктер мен скотт тайпалары шабуыл жасап тұрды. Бриттер германның ют, ағылшын, сакс тайпаларының жалдамалы жасақтарын пиктерден қорғану үшін шақырған болуы керек. Олар Германияның солтүстігінде жəне Ютланд түбегінде тұрған. Германдықтар кельттерден жалданған ақысын көтеруді талап етіп, үнемі бүлік шығарып отырды. Шамамен V ғасырдың ортасында юттер Кент пен Уайт аралын басып алды. Юттердің артынан ағылшындар мен сакстер көтерілді. Олар кельттерге қарақшылық шабуылдар жасап, аса күшті қарсылық көрмегеннен кейін, елді жаулап алуға кірісті. Шапқыншылықтан шошынған көптеген кельттер «Арморика» деп аталатын аймаққа қашты. Бұл жерге бриттер жаппай көшіп келгендіктен, оның аты қазір де Бретань деп аталады.Кельттер шапқыншылықтан ғана қашқан жоқ. VІ ғасырдың басында Амвросий Аврелиан бриттерді біріктіріп, германдықтарға қарсы жолға шықты. Ол ағылшындар мен сакстердің қарсылығын шамамен жарты ғасырға тоқтатты. 600 жылы аралдың үлкен бөлігі жаулаушылардың қолынаөтті. Тек Ирландия мен Шотландияда, Британияның қиыр батысында ғана шапқыншылыққа ұшырамаған кельт тер қалды. Ағылшындар мен сакстер Корнуолл жəне Уэльс түбектерін басып алған жоқ. Кельт тілі, кельт мəдениеті бұл жерлерде тағы бірнеше жүз жылдар бойы сақталып келді.Британияда (уақыт өте келе бұл территория Англия деп атала бастады) V ға- сырдың екінші жартысынан VІІ ғасырдың басына дейінгі кезеңде бірнеше вар- варлық англосаксон корольдіктері пайда болды. Негізін ют тайпалары қалаған Кент оңтүстік-шығысында; Уэссекс жəне Суссекс – аралдың оңтүстік жəне оңтүс- тік-шығыс бөлігінде; Нортумбрия – солтүстікте; негізін англ тайпалары қалаған Мерсия елдің орталығында орналасқан. Британия тұрғындарының кейбір кельттік бөлігі германдықтармен араласып кетті. Осылайша, ағылшын халқының этникалық құрамына кельт элементі кірді. Жаулап алушылар əртүрлі тілде сөйледі, бірақ бірте-бірте ағылшындардың мерсия диалектісі үстемдік ете бастады. Сондықтан да уақыт өте келе жаулап алушылардың ортақ тілі ағылшын тілі деп, ал бүкіл ел Англия деп аталды. Жаулап алушылардың əртүрлі тайпалары мен тізе бүккен тұр- ғындарының қалғандары бір халық болып бірігіп кетті. Олар тарихта «англосак- сондар» деп аталды.Англосаксон корольдіктеріндегі феодалдану процесі баяу жүрді жəне екі сатыдан өтті: V-VІІІ ғасырлардың бастапқы кезеңі, ІХ-ХІ ғасырлар феодализмнің үстемдік ету жылдары. Феодалдану процесінің баяулығын бірнеше факторлар тү- сіндіреді. Біріншіден, Галлиямен салыстырғанда Британияның нашар романдануы. Аралдың оңтүстік-шығысында ғана аграрлық қатынастарда рим əсері болды, елдің қалған территориясында, құрылыс тəсілдерінде ғана рим əсерін байқауға болар еді. Рим легионерлері кеткеннен кейін, Халықтардың Ұлы Қоныс аудару дəуірі бастал- ғанға дейін, V ғасырда Рим элементтерінің белгілерін кельт тайпалары жойып жі- берді. Ал ағылшын-саксон жаулап алу барысында рим элементтері мүлде жойылды. Сондықтан Англиядағы феодализм герман-романдық синтездің əлсіз белгілерімен, негізінен, ішкі эволюция арқылы баяу дамыды. Екіншіден, Британияға келген англ, ют, фриз, сакс тайпаларының əлеуметтік-экономикалық дамуы вестготтар мен бур- гундтарды айтпағанның өзінде франктерден төмен болды.ІХ ғасырға дейін тұрғындардың негізгі бөлігін ерікті шаруа қауымы «кэрл- дар» құрады. Олар жердің ірі бөліктері – «гайдаларды» иеленді. Кейін қарапайым құқыққа сүйенген үлкен жанұяның иелігі «фолькленд» деп атала бастады. Мұн- дай жерді мұраға беруге, сатуға тыйым салынды. Негізгі тұрғындардан басқа ру ақсүйектері – «эрлдер» болды. Король жасақтары – «гезиттер» өмірлері жоғары вергельдпен қорғалды. Осылармен қатар құлдар мен жартылай еріктілер – «лэт- тер», «уилдар» құрады. Бұлар бөтен жерді иеленіп, салық төледі жəне негізгі жұ- мыс күшін құрады. ІХ-ХІ ғасырлар бойы феодалдану процесіндегі негізгі рөлді король атқарды. Феодалдық қаты- настардың дамуымен глафордта шешуші рөл ірі жер иеленушілердің қолына өте бастады. Осындай жиналыстарда графтықтардағы король билігінің өкілдері ше- рифтердің де маңызы өсті. Корольдің əскери ұйымындағы кэрлдардың рөлі тө- мендеді. Тайпалық корольдіктердің ерте феодалдық мемлекеттерге айналу про- цесі жоғарғы король титулы үшін күреспен қатарласа жүрді. VІ-VІІ ғасырларда жетекші орынды Кент корольдігі иеленсе, VІІ ғасырдың аяғында Нортумбрия, VІІІ ғасырда Мерсия, ІХ ғасырдың басынан Уэссекс иеленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет