«Индустрия 4.0» дегеніміз не? Бүгін біз барлық дерлік салаларды цифрлық технологиялардың белсенді енгізілуінің куәгері болып отырмыз. Технологиялық жаңғыртудың маңыздылығын сезіне отырып, Қазақстан өнеркәсіпті цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі технологиялық даму тұрғысыннан қай деңгейде екенімізді түсіну үшін Индустрия 4.0 бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың қазіргі жай-күйін бағалады. Талдау нәтижелері көрсеткендей, еліміздегі кәсіпорындардың басым бөлігінің Индустрия 4.0-ге толық көшу үшін технологиялық және ұйымдастырушылық базасының жеткізіліксіздігі анықталды. Сол кезде цифрлық технологиялардың қолданылуымен құрылатын жаңа индустрияларды тарату қажет болды. 2018 жылғы үндеуінде Елбасы үшінші индустрияландырудың бесжылдығын «инновациялық» етуді тапсырды. Бұл жердегі негізгі фактор — Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуы тиіс еді. Бұл — автоматтандыру, роботтандыру, жасанды зерде, «үлкен деректермен» алмасу және т. б. Үкіметке бизнеспен бірлесіп 2025 жылға дейінгі базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу тапсырылды. 2019 жылы Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев төртінші өнеркәсіптік революцияның жұмыскерлердің білімдері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптарды күшейтетінін атап өтті. Сондықтан 2025 жылға дейін негізгі салалар бойынша Индустрия 4.0 дамыту үшін қажетті 10 мың маманды оқыту жоспарын әзірлеу тапсырылды. Әрбір облыс әкімінің 2025 жылға дейінгі өңірде жұмыс орындарын құру Картасы болуы тиіс.
Биылғы 15 қазанда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен экономикалық мәселелері жөніндегі кеңесте индустрияландыру бағдарламасын іске асыру өнеркәсіптік өндіріс пен өңдеу секторының құлдырауын тежеуге, жаңа өнім түрлерінің шығарылуын жолға қоюға мүмкіндік бергені атап өтілді. Алайда, Қ. Тоқаев атап өткендей, экономикада түбегейлі өзгерістер орын алған жоқ. Жергілікті және шетелдік сарапшылар қауымының назары индустрияландыруға аударылған, индустрияландыру идеясының өзінің алалануына жол беруге болмайды. Мемлекет басшысы кемінде өңірлік ауқымда бәсекеге қабілетті бола алатын 3-5 технологиялық дамыған салаларды қалыптастыру қажеттігін айтты.
Негізгі назар еңбек өнімділігін кемінде 1,7 есеге арттыру мен өңделген өнімнің қазақстандық экспортын едәуір көбейтуге бағытталуы тиіс. Үкіметтің алдында шикізаттық емес экспорт өсімін 2022 жылға қарай 1,5 есеге және 2025 жылға қарай 2 есеге өсіруге қол жеткізу міндеті тұр.