1. Педагогика тарихының қоғамдық ғылымдар саласында алатын орны



Дата29.10.2023
өлшемі6,98 Kb.
#121165
Байланысты:
пед. срсп1


1.Педагогика тарихының қоғамдық ғылымдар саласында алатын орны
Педагогика тарихы – тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдау үрдісінде қалыптасқан қоғамдық ғылымдар арасында өз орны бар ғылым.

Педагогика тарихы ғылым ретінде – тарих және педагогика ғылымдары түйісінде, кейіннен философия салалары – әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымымен кіріктіре байланысу негізінде ауқымын кеңейтіп дамуда. Ал, Қазақстан педагогика тарихы болса, ол дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдіспен өзара байланыста және оның құрамдас бір бөлігі болып, өзінің даму жолында ерте кезден осы күнге дейінгі аралықтағы әр тарихи кезеңдегі тәлімдік ой-пікірлерді талдап, тәрбие мен білім беру мәселесінің дамуын зерделейтін педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде қарастырылады.


2. Педагогика тарихының басты міндеттері
1.Педагогика тарихы методологиясымен және әдістерімен таныстыру;
2. Тәрбие, мектеп және педагогикалық ойдың түрлі тарихи кезеңдердегі дамуы жайлы біртұтас түсінік қалыптастыру;
3. Түрлі тарихи кезеңдер мен түрлі халықтардың көрнекті педагогикалық ой өкілдерімен таныстыру;
4.
Өткеннің педагогикалық мұрасын дұрыс бағалай алу білігін қалыптастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет