1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Оқыту үдерісіндегі адамның психикалық дамуының әлеуметтік методологиялық негізі



бет6/57
Дата24.01.2023
өлшемі162,62 Kb.
#62710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
пп

8.Оқыту үдерісіндегі адамның психикалық дамуының әлеуметтік методологиялық негізі.
Әлеуметтік педагогика- тәлім- тәрбие мекемелерінде, сондай- ақ негізгі міндетті тәрбиелеу емес басқа да әртүрлі ұйымдарда барлық жастағы және әлеуметтік санаттардағы адамдардың әлеуметтік тәрбиеленуін зерттейтін педагогика саласы. Әлеуметтік педагогика саласы. Әлеуметтік педаголгиканың пәні- қоғамның, мемлекеттік және жекеше ұйымдардың мүмкіндіктерін күшейту және ұштастыру жолдары мен әдістерін зерттеу. XX ғасырда педагогика тұтас алғанда білімнің интегративтік саласына айналды, өйткені адамның социумда дамуының объективтік процестері мен заңдылықтары туралы түсініктерді молықтарған психология, этнология, әлеуметтану секілді адам мен қоғам туралы білім салалары көп ілгеріледі. Педагогика адам мен қоғамтану саласында басқа ғылымдардың мәліметтерін қайсібіи шамада біріктіру арқылы ғана өзінің төл міндеттерін азды- көпті нәтижелі орындай алатын болды. Педагогиканы интеграцияланған білім деп қарау тұрғысынан әлеуметтік пе,дагогиканы былайша жіктеуге болады; қоғамды тәрбие ордасы деп зерттейтін, адамның әлеуметтану процестері мен факторларын зерделейтін тәрбие әлеуметтануы
;әлеуметтік педагогиканың ерекше тарауы ретіндегі әлеуметтік- педагогикалық виктомологиясы; ”Қазіргі қоғамдағы тәрбие дегеніміз не?”, “Адамның өмірі бойындағы тәрбиенің әлеуметтенуімен және дамумен арақатынасы қандай?”; Қоғамның тарихи дамуы барысында тәрбиенің қандай принциптері тұжырымдалды?, “Бүгінде тәрбиенің мақсаты қандай деп ұғынылды?” деген сияқты әдістемелік және дүниетанымдық маңызы бар осы сұрақтардың жауаптарын ұсынатын әлеуметтік тәрбие философиясы. Әлеуметтік педагогикада әлеуметтік тәрбие теориясы талдап- белгіленеді, оның бір тарауы ретінде әлеуметтік психологиясы қарастырады. әлеуметтік тәрбие әдістемесі қоғамның тәрбиелік тәрбиелік күштерінің интеграйциялануы қалай жүзеге асырылатынын, тәрбиенің даралық, топтық және әлеуметтік субъектілердің өзара әрекеттестігі қалай ұйымдастырылатынын зерделейді. Қоғам дамуының белгілі бір сападағы “адами капиталды” қажетсінуі, еініші жағынан, әлеуметтік тәрбиені ұйымдастыруда пайдалануға болатын қоғамың экономикалық ресурстары, сондай- ақ әлеуметтік тәрбиені жалпыұлттық, аймақтық, муниципалдық деңгейлерде басқару мәселелері әлеуметтік тәрбиенің басқару мәселелері әлеуметтік тәрбиенің экономикасы мен менеджменті тұрғысынан қарастырады. Әлеуметтік пе,дагогиканың барлық тарауларында талданатын әлеуметтік тәрбие проьлемалары мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, кісіби білім педагогикасы, уақытшабірлестіктер педагогикасы, клубтық педагогика, әлеуметтік жұмыс педагогикасы шеңберінде нақтылап зерттеледі. Әлеуметтік педагогиканың ьілім сакласы ретінде бірқатар функциялары: теориялық- танымдық, қолданбалы және гуманистік функциялары бар. Теориялық- танымдық функция әлеуметттік педагогиканың білімдерді жинақтап, синтездеуі, қазіргі қоғамдағы өзі зерттейтін процестер мен құбылыстардың неғұрлым толық көрінісін жасап, оларды сипаттап түсіндіруі арқылыатқарылады. Қолданбалы функциясы ұйымдастыру- педагогикалық және психологиялық аспектілерде әлеуметтену процестерінде әлеуметтік педагогикалық ықпалды пәрменді түрде жетілдіру жолдары менәдістерін табумен байланысты. Гуманистік функция тұлғаны кемелдендіру және оның өзін танытып көрсетуі процестерін жетілдірудің мақсаттары мен әдістерін талдап- белгілеуге сайылады.
Әлеуметтік- педагогиркалық кешен- оқу- тәрбие мекемелерінің әлеуметтік- педагогикалық қауымдар мен бірлестіктердің өзара байланысты тармақты жүйесі. Дарынды, науқас, жетім, кемтар, т.б. балалар тәрбиесінің тұтастығын көздеп, құқықтық, экономикалық қорғау мен әлеуметтік сауықтыруі шараларын жүзеге асырады.
Әлеуметтік- педагогикалық іс- әрекет- баланы қорғауға бағытталған педагогиркалық іс- әрекет . Бұл іс- әрекет баланың отбасымен, мектеппен, қоғаммен қатынасын реттеуіне, оқуына тіршілікке бейімделуіне көмектесуді көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет