Тақырып 9: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі. Дәріс тезистері. Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. «Көзге көрінбейтін» Көктемір көтерілісі. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 ж.). Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 ж.) наразылық қозғалысы. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастаған Сібір ведомствосы қазақтары жеріндегі қозғалыс. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері. Тарихи әдебиеттегі Кенесары хан. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
Тақырып 10: «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы. Дәріс тезистері. Түркі-мұсылман халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының өзара байланыстары. Ресей империясындағы мұсылман қозғалысының қалыптасуы. Бүкілресейлік мұсылман съездеріне қазақ элитасы өкілдерінің қатысуы. Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы «Иттифак-эл-муслимин» (мұсылмандар Одағы) рөлі. Орыс түркітану ілімі және оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. Меценаттықтың пайда болуы мен дамуы. Маркстік, либералдық-демократиялық, кадеттік топтар мен ағымдардың қалыптасуы.
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ саяси элитасының қазақ комитеттерін құруға шақыруы. Облыстық қазақ съездері және олардың маңызы. Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі. 1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мен Алаш партиясы депутаттарын сайлау. Қазақ зиялыларының саяси, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеудегі жаңа ұстанымдар.