Байланыс ақпараты (телефон, e-mail)
1 корпус, 244 ауд.
gaina_09@mail.ru
2. Пәннің қысқаша мазмұны: пәнінің бағдарламасы 6В01 - "Білім" бағытындағы мамандықтарға арналған типтік оқу жоспарына сәйкес мамандарды дайындау үшін түзілген.
Мақсаты болашақ мұғалімдердің кәсіби - педагогикалық құзырлығын қалыптастыру.
Міндеттері: - студенттерді кәсіби іс-әрекет теориясымен қаруландыру болашақ мұғалімдерді дайындаудың негізі;
- болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетінің жүйелі түрде көрінуін қалыптастыру;
- болашақ мұғалімдерде тұлғалық, мәнді, кәсіби (гумандық, педагогикалық ойлау, қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдеп, төзімділік т.б.) сапаларды қалыптастыру;
- болашақ мұғалімдердің теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу, іскерлікке қабілеттілігі ретінде түйінді құзырлығын қалыптастыру.
- студенттердің өзіндік кәсіби білімін көтеруге, шығармашылықпен ғылыми ізденіс жұмысына дайындығын қалыптастыру.