Бақылау сұрақтары:
1. Когнитологияның салалары мен тармақтары қандай?
19
2. Когнитологияның лингвистика саласымен байланысының мәні неде?
11-дәрістің тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.
Сағат саны: 1
Дәрістің мақсаты: Когнитивті лингвистиканың тілдің салаларымен байланысын түсіндіру.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Когнитивті лингвистиканың тіл біліміндегі дамуы
2.Концептінің әлемнің тілдік бейнесімен байланысы
3.Концепт – адамның менталды әлеміндегі мәдениеттің тетігі
Семантикада когнитивті термині 1990 жылдардың аяғында кең етек жая бастады, алайда,
бұл осыған дейін тіл мен ойдың құрылымдарының арасындағы өзара байланысты талдауға
арналған ғылыми еңбектер жоқ деген сөз емес. Негізінен, орыс ғалымдары бұл міндетті баяғыда
алдарына қойған болатын, соған сәйкес зерттеулер Мәскеулік семантикалық мектептерде тілде
көрініс тапқан әлемнің бейнесі тақырыбына арналған болатын. Аталмыш тақырыпқа арналған
еңбектердің ішінен тек атаулыларын бөліп көрсетуге болады: [Апресян 1986; 1995б; Роль
человеческого фактора...1988; Лосгический анализ языка 1989 и след.; Понятие судьбы...1994;
Яковлева 1994; Булыгина, Шмелев 1997; Шмелев 2002; Урысон 2003].
Зерттеу
дәстүрлерінің
айырмашылығына
(әлемнің
тілдік
бейнесін
зерттеу
лингвистикалық қатынастан бастау алып, әрі қарай семантикалық аймақ теориясына келіп
тіреледі) қарамастан, аталмыш бағыттар ой, сана, адамның түйсігі туралы тұжырым жасауға
тілдік фактілерді талдауға сүйене отырып, бірге қызмет етеді. Кейде ресей семасиологтары мен
шетел когнитивті лингвисттерімен жасалған зерттеулер арасында қатарлас құбылыстарды
кезіктіруге болады. Сонымен қатар, Е.В. Рахилинаның пікірінше қолданылып отырған әдістерке
қатысты айырмашылық бар. Егер когнитивті лингвистикада интроспекция мен
зерттелінушілердің статистикалық сауалнамасы жүзеге асса, орыс семантикасында
лингвистикалық талдаудың негізін тілдік бірліктердің сәйкестігі құрайды.
Әлемнің тілдік бейнесінің орыс тіліндегі сипатына қатысты зерттеулер «концептілерді»
талдаумен қатысты ерекше бағыттың қалыптасуына жағдай жасады. Ғылыми ортада «концепт»
терминінің пайда болуы (бастапқыда орыс тіліне аударған А. Вежбицкая, Ч. Филлмор
еңбектерінде) оның түсінік терминінен айырмашылығын табуды талап етті. Көпшіліктің
пайымдауынша, біздің санамызда қалыптасқан белгілер жиынтығы ретінде көрінетін түсінікке
қарағанда концепт тек оймен жүзеге аспайды, ол өмір сүреді. Ол – эмоция, симпатия және
антипатия, әр түрлі пікірлердің тоғысуының пәні. Концептінің құрамына сөздің ішкі формасы,
оған қатысты ассоциациялар, бағалау жатады. Концептілер шындықты сипаттайды, бірақ ерекше
шындық түрі, яғни менталды болып саналады [Степанов 1997: 40–55].
Концептінің әлем бейнесімен байланысын «Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігінің»
авторлары да растайды, олар оған «біздің санамыздағы және ақпараттық құрылымдағы менталды
немесе психикалық ресурстарды түсіндіретін, адамның білімі мен тәжірибесін көрсететін
термин; оперативті мазмұнды ес, менталды лексикон, концептуалды жүйе және ми тілінің, адам
психикасында бейнелеген бүкіл әлем бейнесінің бірлігі» деген анықтама береді.
Концептілер ұлттық-мәдени ерекшелікке ие. Ю.С Степановтың сөзінше, концепт –
«адамның менталды әлеміндегі мәдениеттің тетігі». Ал Вежбицкая концептіні «Мінсіз» әлемнің
нысаны, адамның «Шындық» әлеміндегі белгілі бір мәдени ойлары». Осылайша, тілдік қоғамға
маңызды, әрі қызық болып табылатын концептілерге зерттеушілердің назары ауады, мысалы,
жан, тағдыр, сағыныш, ар, ерік, шындық, ақиқат және т.б. түсініктерге жасалған талдаулар
осыған дәлел бола алады.
Мұндай зерттеулер әлемнің тілдік бейнесін зерттеумен айналысатын Мәскеу
семантикалық мектебіне қатысты, өйткені, осы мәдени концептілер әлемнің тілдік бейнесін
құрайды, әлемді ұлттық тұрғыдан көруді анықтайды. Концептілердің ішкі құрылымы, олардың
этникалық ерекшелігі, сипаттау әдісі мен мәдениаралық салғастыруға қатысты мәселелер
лингвомәдениеттану саласымен тікелей байланысты. Алайда, соңғы жылдары әдебиеттерде
20
концептілерді когнитивті лингвистикаға жатқызу үрдісі пайда болды. Когнитивті лингвистикаға
арналған классикалық шетелдік еңбектер қолжетімсіз болғандықтан, біздің оқырмандардың
пікірі дұрыс қалыптаспады, Батыста зерттеулердің кең ауқымды саласы болып саналатын бұл
бағыт концептілерді талдаумен тікелей байланысты.
Бұл қаншалықты жөнді? «Когнитивті» терминінің бұлыңғырлылығын ескере отырып,
когнитивистиканың ұлттық бағыты ретінде концептосфераны зерттеуге болатындығын айта
кеткен жөн. Сонымен қатар, оның когнитивтік лингвистикадағы алатын орнын асырып сілтемеу
де қажет, ғылыми контексттердің айырмашылығын, шетелдік зерттеулердің отандық
зерттеулерден бөлек екендігін ескерген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |