1 ПӘнді оқытудың мақсаты, талабы мен әдісі, жерге орналастыру өндірісінің ӘРТҮрлі кезеңдеріндегі геодезиялық ЖҰмыстардың мазмұНЫ


Жерге орналастырудағы топографиялық геодезиялық ізденістердің маңызы



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126669
1   2
1.1 Жерге орналастырудағы топографиялық геодезиялық ізденістердің маңызы

Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар, жерге орналастыру әрекетіндегі карта және план түріндегі топографиялық негізді қамсыздандыру болып табылады. Атап айтқанда:



  1. жаңа немесе пайдаланымдағы жер бөліктерінің қолайсыз аралас орналасуын бір жақтылы ету;

  2. жер шаруашылығы немесе мал шаруашылығына қатысты жер пайдалануды тиімді бөліп орналастыру және топырақтың эрозияға ұшыруының алдын алу;

  3. халық шаруашылығындағы ауылшаруашылық және басқа мақсатта пайдаланылатын жаңа жер телімдерін игеруге бөліп беру;

  4. Жер телімдерін бөліп беру және қайта алу;

  5. қала, ауыл және басқа елді мекен шекарасын өзгерту, бөлу;

  6. топырақтық, геоботаникалық және т.б. зерттеулермен ізденістер жасау.

Жерге орналастыру жобасы – бұл жергілікті жерді орналастырудың құрамы бойынша, жаңа формасы мен жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастырудағы олардың экономикалық, техникалық және заңды негіздерін құрайтын құжаттар жинағы (есептер, сызба және т.б.), жобаны құрастыру және оны кейіннен нақтыға шығару процесі - кері түсіріс және жергілікті жердің планын құрудан тұрады.
Топографиялық карталар мен пландар мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін қажетті болып, оның ішінде жер пайдалануды жердің сапасы мен көлемін ескере отырып, тіркеуге алу және жер қыртысының сапасын бағалау мен экономикалық құнын анықтау үшін негізгі құжат болып табылады. Сондай-ақ, елді мекендерді жоспарлау мен салу үшін қажетті.
Жерге орналастырудың жобасын құрастырудың сатылары. Жобаны құрастыру және оны түсірісте керісінше жер бетіне шығару үрдісінен тұрады. Егер түсірісте жер бетінде жер пайдаланудың, орманның жолдың тоғанның т.б. шекарасын белгілеудің кескінін қағазға түсіретін болса, бөлуде осы түсірістерді сәйкесінше жер бетіне шығарады.
Жерге орналастыруды жобалау екі сатыдан, екі қабылдаудан тұрады:
1 алдын-ала көруге арналған нұсқа немесе эскиздік жоба құрастырылады;
2 соңғы шешуші немесе техникалық жобаны құрастыру.
Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстардың қатары:
- полигонометриялық, теодолиттік, тахеометрлік, мензулалық және нивелирлік жүрістермен типтік үшбұрышты жүйе түріндегі түсіріс негіздерін, қабылданған түсіріс масштабына және жер бедерінің қима биіктігіне байланысты бекіту;
- түсіріс, олардың жүргізілуі әртүрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін, мысалы аэрофототопографиялық (контурлы, араласпа, стереотопографиялық) түсіріс, фототеодолитті, теодолитті, тахеометрлік т.б;
- карталар мен пландарды жаңалау, жерге орналастыруда бөлінетін немесе қайта түсіріс жасалынатын жер телімінің бұрыннан бар картасы немесе планы арқылы жаңасын жасайды, яғни бұрынғы карта немесе план бойынша өзгеріске ұшыраған жер бөліктерін қайта белгілейді.
- планды түзету, пайдаланымдағы планға жер бетінде пайда болған немесе жоғалған нысандар мен ситуация контурларын түсіру;
- орындалған түсіріс нәтижесімен планды, картаны құрастыру және рәсімдеу;
- жер пайдаланудың және жарамдылығының экспликациясын құрастырумен ауданын анықтау;
- жобалық планды құрастыру - план мен картаның көшірмесін жасау;
- нысанды алдын ала (эскизді) жобалау;
- нысанның техникалық жобасы;
- жобаны жер бетіне нақтыға шығаруға дайындау;
- жобаны нақтыға шығару;
- орындаушы түсіріс.
Пландар мен карталардың ескіруі мен оларды жаңалау кезеңдері, ондағы өзгерістерге байланысты кезеңдік жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет