1.Перпендикуляр түзулердің арасындағы бұрышты табыңыз
A) 0
B)90
C)180
D)360
2.АВ түзуінде жататын D нүктесі мен ол түзуде жатпайтын Е нүктесі берілген. DE мен АВ түзулерінің өзара орналасуы қалай?
3. Егер екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың бірі 34°-қа тең болса, қалған бұрыштардың өлшемін тап.
4. Егер ∠BOC = 40°, ∠COA = 50° болса, онда ∠BOA бұрышының өлшемі қандай болуы мүмкін?
5. АОВ жазыңқы бұрышының бір жақ жартыжызықтығында ∠BОС=80° және ∠BОD=20° болатындай бұрыштар салынған. СОD және AOC бұрыштарының өлшемдерін табыңыз