1 Практикалық сабаққа арналған таратпа материал Тақырыбы: Жұлын физиологиясы Ауызша сұрау



Дата23.01.2023
өлшемі1,09 Mb.
#62530
түріСабақ
Байланысты:
№1ПЗ Жұлын


1 Практикалық сабаққа арналған таратпа материал
Тақырыбы: Жұлын физиологиясы


Ауызша сұрау:
1. Тірек-қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасы.
2. Жұлын құрылымының нейрондық ұйымдасуы.
3. Жұлын функциялары (рефлекторлық және өткізгіш).
4. Жұлындық шок.
5. Жұлын рефлекстері.

1 жұмыс. Клиникалық белгілері бар, адамның маңызды жұлындық рефлекстері.




Жүйке жүйесі қызметінің негізі – ең қарапайым реакциядан күрделіге қарай реакцияларды – шартты және шартсыз рефлекстердің өзара әрекетімен пайда болатын рефлекторлы әрекет құрайды.
Қас үстілік рефлекс. Қас үстілік доғаны неврологиялық балғамен ұрғанда пайда болады. Рефлекторлы доға: көз жүйкесі (үштік жүйкенің 1 талшығы), үштік жүйкенің сезімтал ядросы, бет жүйкесінің қозғалтқыш ядросы, бет жүйкесі. Жауапты реакция – қабағын түю.
Жақасталақ рефлекс. Кішкене ашық ауызды балғамен ақырын ұрған кезде пайда болады. Рефлекторлы доға: жақастылық жүйкенің сезімтал талшықтары (үщтік жүйкенің III талшығы), үштік жүйкенің сезімтал ядросы, көпіршедегі қозғалтқыш ядро, үштік жүйкенің ІІІ талшығының қозғалтқыш талшықтары. Жауапты реакция – шайнау бұлшықеттерінің жиырылуы.
Қолдың бүккіш сіңірінің рефлексі. Үшбасты бұлшықеттің сіңірінен балғамен ақырын ұрған кезде пайда болады. Рефлекторлы доға: тері-бұшықеттік жүйке, жұлынның VII және VIII мойын сегменттері. Жауапты реакция – иықтың үшбасты бұлшықетінің жиырылуы және білек буынының бүгілуі.
Тізе рефлексі. Тізе қақпасынан төмен орналасқан тығыз тізелік буынды балғамен ақырын ұрған кезде пайда болады. Рефлекторлы доға: бөкселік жүйке, жұлынның III және IV белдік сегменті. Жауапты реакция–бөсенің төртбасты бүккішінің жиырылуы және табанның жазылуы.
Ахиллов рефлексі. Өкшелік сіңірдің балғамен ақырын ұрған кезде пайда болады. Рефлекторлы доға: үлкенберцовті жүйке, жұлынның I және II сегізкөз сегменті. Жауапты реакция – табанның бүгілуі.


Жұмысқа қажет: неврологиялық балғаша, жұмыс адамға өткізіледі.
Жұмыс барысы.
1. тізе рефлексін анықтау үшін зерттелінушіге орындыққа отырып аяған аяғына қою ұсынылады. Балғашамен төртбасты бұлшықет сіңірінен ақырын ұрады. Сол және оң рефлекстерін салыстарады.
2. ахиллов рефлексінің анықталуы зерттелінуіші орындық үстіне тізеліп тұрған күйде анықталады.. аяқ ұштары салбырап тұрады. Неврологиялық балғамен өкше (ахиллов) сіңіріне ақырын соққы тигізеді. Аяқ ұштары бүгідеді ма, белгілейді.
3. білек рефлексін анықтау барсында зерттелінушінің қолы жартылай бүгілген және еркін күйде болған күйінде тәжірибеші алақанында болады. Тәжірибешінің үлкен саусағы зерттелінушінің екібасты бұлшықетінің сухожилиесіне орналасады. Балғамен соққы зерттелушінің үлкен саусағымен болады. Иық бұгіледі ме? Белгілну
4. иықтың үшбасты бұлшықетінің анықталуында тәжірибеші зерттелінушінің жанында тұрады, оның қолын горизантальді күйге дейін көтеріп, оны білектік бүгілісте иықтың бүккіші тік бұрышта салбырап түратындай етіп сол қолмен ұстап түрады. Неврологиялық балғамен соққы білектік бүгілгіште көрсетіледі. Иық бүгіледі ме? тіркеу.
Жұмыс нәтижесін қорытындылау.

2 жұмыс. Адамда мишықтың жарақатында, қажетті клиникалық симптомдарды (белгілерді) оқу.



  1. Астения –бұлшықеттік шаршаудың салдарынан бұлшықеттің жиырылу күші төмендейді.

  2. Астазия- ұсақ тетаникалық жиырылуға қабілеттілікті жоғалту.

  3. Адеодохокинез- қозғалыстың бір түрінің тікелей қарама-қарсы түрге өтуіндегі реакцияның бәсеңдеуі.

  4. Дистония- бұлшықет тонусының дұрыс реттелуінің бұзылуы гипотония немесе гипертония түрінде көрінуі мүмкін.

  5. Дисметрия- қозғалыстың біркелкілігінің бұзылуы.

  6. Дизартрия- сөйлеу еркіндігімен артикуляциясының бұзылуы.

  7. Атаксия- қозғалыстың бұзылуы- бөлек аяқ- қолдардың қозғалысының координациясының бұзылуымен айқындалады.

Мысалы: жүрістің бұзылуы немесе сұқ саусақтың мұрынға жете алмай қалу.
Атаксия- жұлынның артқы жотасындағы маңдай- мишықтың жолыеың жарақатының салдарынан туады. Сонымен қатар, бір қатар ауруларда бақыланады: мишық жолдарының туа пайда болуындағы жарақаттарда, жайылған склерозды.

  1. Тремор-үзілісті қозғалыс, еркін қозғалыста көрінеді. Бұл мишықтың қалпына келтіру әрекетінің болуымен түсіндіріледі. Бұл бұлшықеттің еркін қозғалу процесінде, қыртыс- мишықтық қайтымды байланыс негізгі рөлді атқарумен көрсетіледі.

  2. Дезэквилибрация- тепе- теңдіктің бұзылуы, сопақша мидың тепе- теңдік түйіндерімен байланысты, мишықтың жарақатында бақыланады.

  3. Мишықтың жарты бөлігін алып тастау операция жасалынған жағында байқалатын (көрінетін) өте ауыр жарақаттарға әкеліп соқтырады. Ал, тұруға ептелгенде қозалыстың айналмалы түрі пайда болады.

  4. Мишықтың нистагм- адам бүйірде орналасқан нүктеге көзбен қадалғанда, көз алмаларының жылжып кетунен көрінеді.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет