Тема: «Желілік коммуникация. Желілік ресурстарын және тіркеу жазбаларын басқару».
Жұмыстың мақсаты: Жаһанды Интернет желісімен және желілік коммуникациясымен танысу.
Теориялық ақпарат Жалпы түсінік Желі (Network) – бұл өзара мәліметтерді, бағдарламаларды, құлылғыларды (желілік принтерлерді, факс – модемдерін, CD-ROM) бірге пайдалану үшін байланыстырылған екі немесе одан да көп компьютерлер. Компьютерлердің қосылған және бірге пайдаланылатын ресурстарының концепциясы желілік өзара әректтестік деп аталады.
Желілер территориялық белгісі бойынша жергілікті (ЛВС - LAN) және жаһанды (ГВС - WAN) болып екіге бөлінеді. Жергілікті желі – бұл өзара байланысқан және бір бірнен онша алыс орналаспаған 2-ден 100- ге дейінгі компьютерлер. Жаһанды желі - өзара байланысқан және әр түрлі жерлерде территориялы (ғимараттарда, қалаларда, континенттарда) орналасқан 2-ден бірнеше мың компьютелерге дейін.
Желіліерді пайдалану мүмкіндік береді:
- Жабдыққа шығынды төмендету;
- Жалпы мәліметтерді бір уақытта және оперативті пайдалану;
- Желілік және қолданбалы қосымшаларды стандарттау;
- Басқа компьютерлерді және құрылғыларды дистанционды басқару.
Барлық желілердің келесідей жалпы мәліметтері бар: РЕСУРСТАР- желінің ортақ пайдалнуына берілген бағдарламалық және аппаратты қамтамасыздандыру СЕРВЕРЛЕР (Server) – желілік пайдаланушыға өзінің ресурстарын ұсынатын компьютер
КЛИЕНТ (Client)- сервер ұсынған желілік ресурстарға қатынауды жүзеге асыратын компьютер
ОРТА (Media) – компьютерлерді байланыстыру тәсілі
БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕР- желі бойынша сервер ұсынатын файлдар
БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ПЕРИФРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР – мысалы, принтерлер, CD-ROM, модемдар, сканерлер және басқалар.