1. Психология ғылым ретінде. Мақсаты, міндеттері, пәні мен объектісі



Дата21.04.2023
өлшемі14,9 Kb.
#85169
Байланысты:
Психология 1)


1. Психология ғылым ретінде. Мақсаты, міндеттері, пәні мен объектісі.
Психология – психикалық құбылыстарың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, ғылым.
Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).
Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі - барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.
Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні- психика.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен, Психология-психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Дамудың қазіргі кезеңдегі психологиялық ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Психология жеке салаларымен тығыз байланысты. Зерттеу обьектісі-адам
2. Психология ғылымының даму кезеңдері.
Жалпы, психология өз алдына ғылым ретінде 19 ғасырдың 60-жылдарында дами бастады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді :
1. Психология жан туралы ғылым.
2. Психология сана туралы ғылым.
3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.
4. Психология психика туралы ғылым.
1-ші кезең. Психология жан туралы ғылым ретінде. Психология бірінші кезеңде біздің заманымызға дейінгі 5-ғасырды қамтыған,яғни 2500 жылға дейін созылған. Жалпы, жан туралы сол кездегі ғалымдар өз пікірлерін көптеп қалдыра бастады. Мысалы, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаған болса, батыс ойшылы Фома Аквинский жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берген. Сөйтіп, адам өміріндегі түсініксіз пайда болған құбылыстарды жан арқылы түсіндіріле бастады.

2-кезең бізде психология сана туралы ғылым. Ретінде. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологияллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді болды. Р.Декарт жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. Яғни адам мен жануарлар санасы әртүрлі болады деген мысалды алуга болады. Ойлау, сезу, қалау қабiлеттерi не сана атауы берiлiп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келдi. Ойлай алу, сезе алу қабілетін сана деп атады. Зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін-өзі бақылауы болды, яғни интроспекция («ішке үңілу») әдісі арқылы зерделеу болды.


3-кезең. Психологияның 3-даму кезеңі жүріс-тұрысты зерттеді. ХIХ ғ бірінші жартсында психология жүріс-тұрыс туралы ғылым реттінде қарастырылады.Психологияның дамуының үшінші кезеңі ХХ ғасырдан басталады. Адам «басындағы» ойлар, сезімдер ағымын көру мүмкін емес екендігін байқаған көптеген ғалымдар ХХ ғасырдың басында мынандай қортындыға келді: психология ғылым ретінде қалыптасуы үшін көруіге мүмкін болатындарды ғана бақылауы керек.Нақтырақ айтсақ:адамның реакциясын, мінезін және іс-әрекетін (қылығын) бақылау. (Іс-әрекетті туғызушы мотивтер ескерілмеді).
4-кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни, объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтан да бейнелеу субъективті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет