1. Психологиялық педагогикалық диагностиканың ғылымдар жүйесінің сипаты



Дата05.05.2023
өлшемі22,53 Kb.
#90693
Байланысты:
1 лекция


Жоспар:
1. Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылымдар жүйесінің сипаты.
2. ППД психология салаларымен байланысы.
3. Психолог жұмысында психодиагностиканың орны.

Психодиагностиканың теориялық негізі психология ғылымының сәйкес салаларымен орнығады. (жалпы дифференциальды, жас ерекшелік, медициналық т.б.) психодиагностиканың әдіскерлік құралдарына жеке психологиялық ерекшеліктері оқытудың нақты әдістері, алынған нәтижелерді өңдеу тәсілдері мен интерпретациясы жатады. Осыған сәйкес психодиагностика саласында теориялық және әдіснамалық жұмысың бағыттары психологиялық практиканың сұраныстармен анықталады. Бұл сұраныстарға сәйкес практикалық психологтың жұмыстарына қатысты құралдардың мамандырылған кешені қалыптасады (білім, медицина, кәсіп таңдау т.б.) психодиагностиканың құзыреттілігіне әдістерді құру мен апробациясы,тексеріс ережелерін, өңдеудің әдістері мен нәтиженің интерпретациясын, мүмкіндіктерді талдау мен әртүрлі әдістерді шектеу кіреді.


Қазіргі кездегі психодиагностика кадрларды құру, кәсіп таңдау мен кәсіптік болжам; әлеуметтік мінез құлықты болжау, оқу мен тәрбиені қалыптастыру, кеңестік және психотерапевтік көмек, соттық психологиялық психиатриялық тәжірбие, орта өзеруінің психологиялық салдары т.б.
Әлеуметтік практика аймағында барынша кеңінен қолданылады, Аталған салаларының ішінде оқыту мен тәжірбиені қалыптастыру бағыты қызыушылық тудырады.
Сонымен, кез келген ғылымды қарастырғанда ең алдымен оның зерттеу объектісін (нысанасын) қарастыру қажет. Объект ретінде әртүрлі сыртқы көріністері, форма, процестер, материалды, материалды емес құбылыстарды, әртүрлі организмдерді (тірі, биологиялық) тануға болады. Әр ғылымның өзіне тән объектісі бар. Объектіде нені зерттеу керек? Мәселен, психологиялық-педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі- жеке тұлға (оқушы). Жеке тұлғаның белсендігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның интеллектуалды қабілетін дамытып, өздігінен ізденуге бағыттау болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер негізі: оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылым мен механизмдерін айрып тану болып табылады. Сонымен бірге, психологиялық-педагогикалық зерттеулер эмперикалық тексеруге келетін фактілерге негізделеді мақсаткерлігімен, жүйелгігімен, барлық элементтерінің, процедуралары мен әдістерінің өзара байланыстылығымен ерекшеленеді.
Оқыту диагностикасы - қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау болып табылады.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалауын қамтиды.
Тәрбие диагностикасы - тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс.
Психологиялық диагностиканың арнайы салалары: жалпы және жеке психологиялық диагностика
Қазіргі кезде диагностика әлеуметтік практиканың мынандай салаларында кеңінен қолданылады.
1. Кәсіби таңдау мен кәсіби бағдар. Психологиялық-педагогикалық диагностика шаралары жеке сапа ерекшеліктерін, кәсіби маңызды сапаларын, кәсіби жарамдылығын, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін жақсартуын зерттеуге бағытталған.
2. Әлеуметтік мінез-құлықты болжау (қылмыс себептерін зерттеу, некені диагностикалау).
3.Оқыту мен тәрбиені оптимизациялау (мектеп диагностикасы). Психологиялық-педагогикалық диагностиканың бұл саласы халыққа білім беру міндеттерімен тығыз байланысты.
4. Психотерапевтік жәрдем клиникалық психиатрияның әдістемелерімен қамтамасыз етеді. (клиникалық психодиагностика) Бұл соттық психологиялық- психиатриялық экспертизамен және т.б. тығыз байланысты.
Көптеген отан, шетел психологтарының зерттеулерінде психодиагностиканы ғылыми зертттеу және ғылыми практикалық түрлерге бөліп көрсеттеді. Ғылыми практикалық психодиагностика қоғамдық практиканың әртүрлі міндеттеріне бағытталады. Білім берудегі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы баланың психологиялық салауаттылығын дамыту міндеттіне бағытталады. Білім берудегі мекемелеріндегі психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты. Ол едәуір тиімді ықпалды таңдауды сонымен қаттар белгілі бір психологиялық жағдай жасауды көздейді.
Практикалық психолог қызметіне тєжиірбесіне ғылыми талдау жєне жалпылау білім берудегі психологиялық қызметінде диагностика дамыту мен түзетуден бµлек қарастырылмайтынын кµрсетті.
Білім берудегі практикалық психологтың тєжиірбиесін негізге ала отырып диагностикалық дамытушы, диагностикалық коррекциялық жұмыстың орындалу жүйесі кезеңдері анықталды.
- практикалық сұранысты зерттеу
- психологиялық мєселені қою
- бақыланатын құбылыстардың себебі туралы болжам құру
- зерттеу єдістерін таңдау
- єдісті қолдану
- баланың кейінгі дамуының болжамынан мұнда болжам екі бағытта, яғни егер балалармен қажетті жұмыстар дер кезінде жүргізілсе жєне егер балалармен мұндай жұмыстар дер кезінде жүргізілмесе деген болжамдардан психологиялық диагнозды құру
- оқушылармен жүргізілетін психокоррекциялық бағдарламаларды немесе дамыту жұмыстарын ұсыныстарды жасау.
- осы бағдарламада жүзеге асыру оның орындалуын қадағалау.
«Психологиялық диагностика» терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах «Психологиялық диагностика», 1921ж), содан кейінен индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады.
Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
Психологиялық диагностика тек қана жалпы заңдылықтарды бекітіп, сипаттап қоймай, жағымсыз сәттерді жоюға да нақты көмек көрсетеді. Психологиялық диагностика адам психикасының ерекшеліктері туралы информация жинақтауға бағытталған. Қазіргі психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жеке психологиялық және жеке психофизиологиялық адам ерекшеліктерін зерттеуді, анықтау әдістерін өңдейді. Психодиагностика дегенде психологиялық практика облысы, яғни әртүрлі сапаларды (психикалық, психофизиологиялық ерекшеліктер, жеке бас белгілері) анықтаудағы психолог жұмысын есепке алады.
Психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жалпы психологиялық зерттеулермен практика звеносын біріктіру қызметін атқарады. Оның теориялық негізі психологиялық ғылымдардың сәйкес облыстарымен байланыстылығында. (жалпы, дифференциалды, жас ерекшелік, медициналық т.б.). Әдістемелік құралдары ретінде жеке психологиялық ерекшеліктерді анықтау, өңдеу жолдарын және алынған мәліметтерді интерпретациялау үшін нақты тәсілдерді қолдану қажет.
Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті екіге бөлінеді : теориялық және практикалық
Диагностика - дидактикалық процестің нәтижесін анықтау үшін қолданылады. Сондықтан да педагогикалық диагностиканың мазмұнына келсек. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. «тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді.
Диагностикалау кезінде нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс - тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар - бағытын, ілгерлі не кері қозғалысы анықталады.
Педагогикалық дигностика-педагогикалық мақсаты жетілдіру үшін алынған зерттеу қорытындысының талдауы негізінде жаңа ақпарат алу, білім берудің (оқу, тәрбие) сапасын жақсартуға және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған процесс.
Педагогикалық процесте диагностика келесі функцияларды орындай алады:
1. Констатациялау - белгілеу (ақпараттық).
2. Болжау.
3. Құндылық - бағдарлану (бағалау:
4. Өзіндік оқып-үйрену, өзіндік даму.
5. Дамытушылық (тәрбиелеуші).
6. Конструктивті.
Педагогикалық диагностиканың мақсаты:. Ол оқушының қабілеттілік деңгейін, зеректігін, зейінінің қасиетін анықтау нәтижесінде мұғалім мен оқушының өзарақатынасын, белсенділігін арттыруға жағдай жасайды. Диагностикалық зерттеу педагогикалық процесті талдаудың шынайлығын, маңыздылығын, негізгі мәселелерді іріктейді. Оқушылардың зейінін, есте сақтау, қабілеттілік деңгейін, зеректігін анықтау үшін бағалау белгілерін зерттеуге ықпал етеді. Сонымен бірге, педагог, тәрбиеленушінің дамуын диагностикалауын жетілдіру үшін: жалпы және жекеленген мақсаттарды алдына қояды.
Психологиялық-педагогикалық диагностик - -оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың нәтижелігін анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеу тәсілі.
Психологиялық диагностика - жеке адамның психикалық дамуының диагнозын» қою үшін, ғылыми білімдерді қолдануға негізделген ғылыми-практикалық іс-әрекетті қажет етеді. Психодиагностика - диагнозды қоюдың теориясы мен практикасы болып табылады.
«Диагноз» термині грек тілінен (diagnosis) аударғанда «тану» дегенді білдіреді. Психологиялық диагноз - жеке адамның даралық - психологиялық ерекшеліктерінің мәнін сипаттап, анықтауға бағытталған қаракетінің түпкілікті нәтижесі; бұл ерекшеліктердің белгілі бір уақыт үшін мәнді жай-күйін бағамдау, одан әрі дамуын болжау, психодиагностикалық қараудың міндеттеріне, орайлап нұсқамалар белгілеу мақсатымен жүргізіледі.
Педагогикалық диагноз - оқушының қабілетін, мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады.
Дифференциалды психометрия диагностикалық әдістер мен әдістемелерді өңдейтін және зерттелетін субъектінің жеке айырмашылықтарын өлшейтін ғылыми пән болып табылады.
Психометрия (грек, metron- өлшем) - әуел баста: психикалық процестердің уақыттық сипатамаларын өлшеу болып табылады.
Психодиагностиканың психология дамуының бірнеше бағыттармен байланысты. Оның алғашқы оның қайнар көзі экспериментальды психология, себебі эксперимент әдістері психодиагностиканың мәні болып табылатын психодиагностикалық әдістемелердің негізін өңдеуден тұрады. Оның пайда болуы өткен ғасырдың 50-70 жылдардағы психикалық құбылыстардың обылыстарындағы жаратылыстанудың әсері, психологияның «физиологизациялану» процесімен байланысты, басқаша айтқанда психикалық фактілер эксперимент барысында және жаратылыстану ғылымының нақты әдісін қолданумен зерттеу жүргізу дегенді білдіреді. Психологияны алғашқы экспериментальды әдістермен қамтамасыз еткен басқа ғылымдар, соның ішіндегі негізі - физиология болып табылады.
1879ж. Германияда В.Вундт жетекшілігімен алғашқы экспериментальды лаборатория ашылды. Ең бірінші психологиялық экспериментальді әдістердің авторы Герман Эббингауз (1850-1909) болды. Ол ес заңдарын мағынасыз сөз тіркестерінің жиынтығын қолданып зерттеді.
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі. Оның тамыры Дарвинизм идеясында жатыр. Ол ХІХғ атақты Ф.Гальтонның зерттеулерінің негізінде психологияға енді. Дифференциалды психологияның негізін қалаушы В. Штерн болып табылады. Сонымен бірге А.Бине мен В.Анриды жатқызуға болады.
Қолданбалы психология психологиялық диагностиканың үшінші қайнар көзі болып табылады. Психодигностика тестін шығу тарихымен байланысты. Тест ХІХғ. пайда болып, оның негізін қалаған көрнекті ағылшын оқымыстысы Гальтон. Оның психодиагностикаға ашқан жаңалығы - тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттеу техникасын құрды, стастикалық әдісті еңгізді
Американ психологы Дж. Кеттел психологиялық экспериментте «Интелектуалды тестіні» қолданған бірінші зерттеуші болып табылады. Тест әдісін қолдануда және дамуында жаңа қадамды француз дәрігері, психолог А. Бине (1857-1911) жасады, белгілі сериялы тестердің авторы. Бине-Симон бірінші шкаласы (тест сериясы) 1905ж. жарыққа шықты. Сондай - ақ, американ психологы Д. Векслердің интеллектіні өлшеу шкаласын ұсынды.
Ал, отандық психологияның тарихының көрсетуінше, экспериментальды жұмыстарды ұлы ғалымдар И.П. Павлов, И.М. Сеченов , В.М. Бехтерев, С. С. Корсаковтың еңбектерінен көреміз. Кеңес өкіметіне дейінгі бірінші отандық жұмыс психологиялық тест облысында 1909ж. Г.И. Россолимоның дербес зерттеулерінде орындалды, Москва университетінде. Көрнекті невропотолог, психиатр Г.И. Россолимоның негізгі мақсаты қалыпты және потологиялық жағдайлардағы психикалық процестерді зерттеудегі сандық әдістерді табу.
20 -30жж. тестер әр түрлі елде кеңінен қолданыла бастады. Осы уақытта психологтар қазіргі жағдайларға жарамды емес деген пікірлер туғызды. Мектепке баратын балалардың JQ- инттелектісінің коэффциенттін анықтау-ауқымды сипат алды. Жалпы тесттілік зерттеулер тексерістен өтен жоқ балаларды «норма» мен «патологияға» бөлу қысқа уақыттық зерттеулер негізінде көптеген факторларды (тәрбие, оқыту, тұқымқуалаушылық) есепке алмай бөлінді. Осыдан кейін тест пен анкеталарды қолдануға шек қойылды. «О педологических извращениях в системе наркомпросов» (1936). Бұл қаулы психодиагностиканың ғылым ретінде дамуын тежеп және де тұлғаның психикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған тестілер қолданылады. Тек соңғы жылдары психодиагностикалық әдістемелерді өңдеуді жалғастыру мүмкіндігі қойылды. Психодиагностиканың дамуына келесі отандық психологтар өз үлестерін қосты: А.Е. Смирнов, В.М. Мельников, Н.Ф. Лидерс т.б.
60-70 жылдары отандық ғылымда психологиялық диагностикаға қызығушылық жоғарылады. Бұл кезде көбінесе назар тесттерді сынға алу, соның ішінде интеллект тестері болды. (К.М.Гуревич, Д.Б.Эльконин, Ф.Талызина және т.б. еңбектері).
Педагогикалық диагностиканың дамуына келсек: педагогикалық практикада тест үлгісіндегі диагностикалық тапсырмаларды алғаш рет 1864 жылы Ұлыбританияда Дж.Фишер оқушылардың білімін тексеру үшін қолданды. 1894 жылы американдық Д.М.Райис өзінің кестелері бойынша дидактикалық әдістерді оқып-үйрену үшін орфографияны текеруді пайдаланды.
Соңғы кездегі психодиагностикадағы өзгерістер бұл білім саласын қайтадан жаңартуға негіз болды. Психодиагностиканың даму тенденциясы адамдарды психологиялық белгілері бойынша жіктеп, тәрбиелеумен айналысатын психологияның саласы гуманизациялану мен адамның психикалық және тұлғалық дамуына көмек беру шарттарын еңдірді. Әрине, бұл тенденция өзіне белгілі бір тәсілдер арқылы - коррекциялық - дамыту, мақсаттылы жұмыстарды жасау үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін әдістерді құру арқылы жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет