1. ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. «Нұр Отан» хдп әлеуметтік-саяси жетекші рөлі


Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі23,01 Kb.
#23123
түріСабақ
1   2   3
3. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта.

Елбасының Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту  және дамыту тұжырымдамасы, мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар – Ассамблеяның барлық бағыттағы жұмыстарының бастауында тұрды. Әлемдегі қазіргі ахуал татулықты ту еткен Қазақстанның өз даму жолын сенімді таңдағанын айқын дәлелдеп берді.

Бүгінгі таңда әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясы дамыған елдердің өзін есеңгіретіп, дағдарысқа ұшыратты, экономикасы ілгері мемлекеттер түрлі қиындықты бастан кешіруде. Алыс-жақын шет елдерде қоғамдық қарым-қатынастардың келеңсіз тұстары ашылып, наразылықтар бой көрсете бастады. Әлеуметтік, нәсілдік және этностық теңсіздік соңы бір-ақ сәтте алауыздық отының тұтануына  себеп боларына көз жеткіздік.

Тыныштық арқылы – тұрақтылыққа, татулық арқылы – тұтастыққа қол жеткізуді мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу идеясының маңызы тағы да арта түсті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Біз мыңжылдықтар тоғысында бабалар аңсарын шындыққа айналдырып, тәуелсіз мемлекет құрдық. Кешегі Төле, Қазыбек, Әйтеке билер көксеген, Абылай хан армандаған, Абай тілеген абат күнге жетіп, барша қазақтың басын біріктірдік. Тағдыр табыстырған, тарих тоғыстырған түрлі этнос өкілдері азаттықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қаласты. Ынтымақты ырысқа, алуандықты байлыққа балаған біз бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырдық. Өнегелі ізгі бастамаларымен жаһандық бейбітшілікке зор ықпал еткен Қазақстанның тағылымды тәжірибелері әлем жұртшылығына үлгі болды. Әрине, бұл жетістіктер бізге өздігінен, оңай келген жоқ. Еліміздің татулық пен тұрақтылықтың берекелі бекетіне айналуына Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді" деген сөзі әрбір қазақстандық ұлт өкілінің жүрегінде жатталды.

Өйткені Ассамблея 25 жыл ішінде барлық этностарды бір мақсат, бір мүддеге ортақ біріктіре алды. Жыл сайынғы сессияларында Қазақстан халқын толғандыратын мәселелер мен сұрақтар қызу, кейде өткір талқыланып, мемлекеттік, елдік мәселер шешімін тапты. Толеранттылық сақтап, елімізді ұлтаралық келісім мен бірліктің мекені ретінде әлемге таныттық. Тарихи оқиғаларға объективті көзқарас ұстанып, ел іргесінің берік негізін қаладық.

Әр халықтың төл мәдениетін, тілін, ділін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін дамытуға қолайлы жағдай жасалды. Алпауыт мемлекеттермен салыстырғанда бізде аз ұлттар ұғымы қолданылмайды, барлық этностардың құқығы мен бостандықтары бірдей, үлкен-кіші деп жіктеуге жол берілмейді.



Соның нәтижесінде бірде-бір этнос жеке-дара оқшауланып, ерекше этностық мәртебесі туралы мәселе көтерген емес. Керісінше, шығу тегі әр түрлі этностар  Қазақстанда дүниеге келіп, өсіп-өнгендерін  мақтан тұтады. Өз Отанының дамуына әр қайсысы өздерінің қомақты үлесін қосып, белсене атсалысуға тырысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет