1 раздел Основные понятия информатики


Сақиналы архитектура технологиясы



бет55/72
Дата20.03.2023
өлшемі1,69 Mb.
#75555
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Сақиналы архитектура технологиясы болып саналатын Token Ring және FDDI технологиялары маркерлік қатынас құруға негізделген қумалы желі жасауда пайдаланылады. Олар сақина бойымен бір бағытта маркер деп аталатын арнайы биттер тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып жүруі арқылы жасалған үздіксіз тұйық желі түрін құрайды. Маркер сақина бойымен желідегі әрбір жұмыс станциясын айналып өтіп үздіксіз қозғалыста болады. Желідегі мәлімет жөнелтетін жұмыс станциясы маркерге бір кадр қосып қояды, ал қалған станциялар тек маркерді ары қарай жылжытып отырады. Token Ring желілері мәліметтерді 4 немес 16 Мбит/с жылдамдықтармен тасымалдап, көбінесе IBM компьютерлері ортасында қызмет етеді.
FDDI технологиясы да сақиналы негізде жасалып, оптоталшықты кабельдермен жұмыс істеу үшін магистральды желілерде пайдаланылады. Бұл да Token Ring желілері тәрізді маркерді бір станциядан екінші станцияға жіберіп отырады. Token Ring технологиясынан айырмасы мұнда маркерлері қарама – қарсы бағытта қозғалыста болатын екі сақина болады. Бұл тәсіл бір сақина үзіліс болып қалған жағдайда желінің ақаусыз қызметін ұйымдастыру мақсатында (көбінесе оптоталшықты кабельдерде) жасалады. FDDI желілері мәліметтерді 100 Мбит/с жылдамдықпен өте үлкен қащықтықтарға тасымалдау үшін қызмет етеді. Мұндағы желі сақинасы ең көп дегенде ұзындығы 100 км-ге дейінгі тұйық қашықтықты қамтиды да, жұмыс станцияларының арасы 2 км шамасында болады.

2. Зиянды бағдарламалар. Ақпаратты қорғаудың шаралары мен құралдары.


Вирус —

  1. Басқа программалар мен файлдарға өз көшірмесін автоматты түрде кірістіре отырып, файлдарды «бүлдіретін» компьютерлік шағын бағдарлама (1—2 Кб) немесе макрос. Зақымданған мәліметтерді жедел жадқа жүктеуде онда орналасқан басқа файлдарға өтіп, оларға да зақым келтіре алады. Вирустардың мәлімет түтастығын жоятын көптеген қауіпті қосымша әсерлері бар, олар — қатқыл дискінің қүрылымдық бөлімдерін (бөлімдердің түпкі кестесін бұзу арқылы) бүлдіреді, қатқыл дискіні қайта пішімдеп жібереді, файлдарды өшіріп тастайды немесе құрамын өзгертіп жібереді және т.б.;

  2. Қалжың үшін немесе зиянкестік үшін жасалған бағдарлама. Басқа программалардың қүрамына еңіп, содан кейін жағымсыз, ал кейде тіпті қауіпті әрекеттер жасай отырып тарайды. Вирус пайда болғанда экранда қалжың хабарлардың пайда болуынан бастап жүйедегі, күрделі ақауларға немесе қатқыл дискідегі барлық ақпараттың жоғалуына дейінгі оқиғалар болады.

Компьютерлік вирустардың бірнеше онмыңдаған түрлері белгілі.Компьютерлік вирустарды жіктеуге болатын бірнеше қағидалар бар:

  • операциялық жүйелердің таралуы бойынша;

  • зақымдалған нысандар бойынша;

  • қолданылатын технологиялар бойынша;

  • жасау құралы бойынша;

  • зақымдалу амалдары бойынша.

Вирустар 4 түрге жіктеледі:

  • Макровирустар,

  • Полиморфты,

  • Құрт секілді вирустар (червь),

  • Трояндық вирустар.

Макровирустар
Макровирустар құжаттарды зақымдайды.Құжаттар мәтіннен өзге кірістірілген нысандардан, форматтау сипаттамасынан, макростаттардан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет