Конструкторлық тұрғыдан дербес компьютер жүйелік блок түрінде болады, оған арнайы қосқыштар арқылы басқа құрылғылар жалғанады. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылар ішкі құрылғылар деп, ал жүйелік блоктан тыс сыртындағы құрылғылар – сыртқы (шеткері - перифериялық) құрылғылар деп аталады. Жүйелік блок ішіне компьютердің әр түрлі құрылғылары орналасатын металл қорапшадан тұрады. Формасы бойынша корпус түрлері мынадай болады: · Desktop – жазық корпус (көлденеңінен орналасатын), · Tower – бағана түріндегі (тігінен орналасатын). Корпустың алдыңғы жағында Power – іске қосу, Reset – Қайта қосу, қоректену және ДК жұмысының индикаторлар батырмалары болады. Жүйелік блокта компьютердің негізгі түйіндері орналасады: · қоректену блогы; · аналық плата; · қатты магниттік дискідегі жинақтауыш; · оптикалық дискідегі жинақтауыш; · оперативтик жады; · бейне карта; · қосымша құрылғыларға арналған қосқыштар. Қоректену блогы компьютердің электрондық схемалары үшін желідегі электр қорегін төмен кернеулі тұрақты токқа түрлендіреді. Қоректену блогы желілік айнымалы 220 В, 50 Гц (120 В, 60 Гц) кернеуін тұрақты +3,3, +5 және +12 В кернеуіне түрлендіреді. Цифрлық схемаларды (жүйелік платаны, адаптерлер платасын) қоректендіру үшін +3,3 немесе +5 В кернеу, ал двигательдер үшін (дисководтар және әр түрлі желдеткіштер үшін) – +12 В кернеу қолданылады.