1. Революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы архивтардың қалыптасуы және даму тарихы



Дата11.02.2023
өлшемі15,13 Kb.
#67105

1. Революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы архивтардың қалыптасуы және даму тарихы
2. Кеңес үкіметі кезеңіндегі архив ісі
3. Қазақстан Республикасындағы архив ісінің даму тарихы.
1. Қазақстанға қатысты мұрағат деректерінің жүйелі қалыптасуы ХVІІІ ғасырдың бас кезінен, яғни қазақ өлкесінің Ресейге қосылуынан басталады. Патшалық Ресей үкіметі қазақ жерін округтерге бөліп билегені тарихтан мәлім. Округтік мұрағат құжаттары бекерден-бекер жойылуға жіберілгені туралы С.Байжанов еңбектерінде көрсетіледі. Ал, қалған қазан төңкерісіне дейінгі деректер Орынбор (1925 жылға дейін), содан соң Қызылорда (1929 жылға дейін) және Алматы (1929 жылдан бастап) қоныс тепкен қазіргі ҚРОММ-да сақталуда.
Қазан төңкерісіне дейін патшалық Ресейдің отарындағы Қазақстанда жергілікті халықтың көрнекті өкілдерінің құжаттарын жинақтауға көп көңіл бөлінбеді. Құжаттарды коллекционерлер, өлкетанушылар, негізінен, қазақ халқының салт-дәстүрін, фольклорлары мен этнографиясымен айналысқан патша шенеуліктері жинады. Өлкетанушылардың құжаттық мұраларын сақтауда Орынбор музейі, Жетісу музейі, Орыс географиялық қоғамның Жетісу бөлімі айтарлықтай рөл атқарды.
Тарих – уақытпен байланысты ұғым. Халық тағдырымен байланысты саналы үлкенді-кішілі саяси оқиғаларды тізіп, тізбектеп, замана жаңарып, уақыт өзгерген тұстардан қалған белгі ретінде жинақтап, сұрыптап, сақтап келген де сол тарих. Соларды танып-білу – әр кезеңдегі ұрпақ үшін таусылмас қазына. Олай болмаса, әр ұрпақ өз тарихын әркез жаңадан бастаған болар еді де, ұрпақ сабақтастығы деген ұғым мүлде ұмытылар еді. Өйткені бүгінгі күннің мазмұнды болуы кешеге байланысты. Өткеніне зер салмаған адам ұлттың рухын сезінбейді, елінің , жерінің қадір-қасиетін жете білмейді.
Тарихи фактілерді сақтау, тарату, жолдары баршылық. Бірі – жазба түрінде жүзеге асса, екіншісі-ұлы ғұламалардың зердесінде қатталып, ауызша тарих даналардың санасында жатталып, ауыз екі сөзбен тарихи деректер атадан балаға тарап келген. Ұлтымыздың тарихы, мәдениеті, дәстүрі, салт-санасы, тыныс-тіршілігі, мемлекетаралық мәмілегерлік құжаттарды сақтаудың қажеттігін алғашқы боп жүрегімен сезінген Бөкей хан еді. Қазақстан мұрағаттары өзінің қалыптасуы тарихын 1794 жылы Бөкей ордасының мұрағатымен бастайды, сол жылдан бастап мемлекет қарамағына алынды.

Сонымен Қазақстандағы мұрағат құрылысы 3 кезеңді бастан өткерді: Қазан төңкерісіне дейінгі, кеңес уақытындағы және тәуелсіздік алғаннан кейінгі. Әр кезек өзіне тән саяси ерекшеліктеріне қарай түрлі типтегі, мазмұндағы мұрағаттармен ерекшелінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет