1. * Бояу: * ағашты ылғалдан, күн сәулесінен қорғау және түс беру үшін бояуды қолдану.
2. * Лактау: * жылтыр қосу, сызаттардан қорғау және құрылымды жақсарту үшін лак қолдану.
3. * Майлы әрлеу материалдары: * мысалы, құрылымға енетін, табиғи құрылымды шығаратын және күңгірт көрініс беретін ағаш майы.
4. * Балауыз: * ағашқа жылы реңк береді, ылғалдан қорғайды және күңгірт қабат жасайды.
5. * Тегістеу: * тегіс бетті алу, құрылымды ерекшелеу және ақауларды жою үшін өңдеу.
Полимерлерден жасалған заманауи еден жабындары.
Линолеумдер өткен ғасырдың аяғында рулонды материал
түрінде табиғи (таза) өсімдік майлары негізінде өндіріле бастады.
Линолеум – латынша – зəйтүн майын (оливковое масло) қосып
өндірілген жұқа жарғақ (полотно) деген мағына беретін құрама сөз.
Қазіргі кезде линолеумдер, негізінде полимерлер қолдану арқылы
жасалынады.Тақтай не паркет еденмен салыстырғанда, линолеум – еден төсеу жұмыстарын 5-7 есеге жылдамдатады. Ұқыпты пайдаланылса, линолеумдер 20-25 жылға дейін пайдаланылады. Линолеумдер негізсіз немесе мата, киіз, т.б. негізді болып өндіріледі. Ең көп тараған түрлері – бір немесе көп қабатты негізсіз линолеумдер Олардың беті əр түске боялған, тегіс, өрнектелген, жылтыр, күңгірт болуы мүмкін. Линолеумдердің негізсіздері – каландрлау (біліктеу-вальцевание), негізі барлары – жағу (промазывание, промазной) жəне құбыр тəрізділері экструзиялық (үздіксіз сығып шығару) əдістерімен
өндіріледі. Линолеумді жағу əдісімен өндіргенде линолеум пастасын жылжып келе жатқан негізге жағады да, пастаны сілікпелеу үшін оны жылумен өңдеу камерасынан өткізіп, каландрда тығыздайды (12.4-сурет). Негіз ретінде зығыр, кендір жəне кенептен жасалған маталар жиі қолданылады. Жылу өткізбейтін, дыбыс жұтқыш негіз ретінде киіз
жəне басқа да талшықты материалдар пайдаланылады.
Поливинилхлоридті линолиум – жарғақ секілді ені 1200-2400 мм
қалыңдығы 2,1 мм дейін, ұзындығы – 12 м-ден кем емес болып өндіріледі.
Осы линолеумның негізсіз түрінің басты қасиеттері 164-кестеде келтірілген. Поливинилхлоридті линолеум рулонға оралған тік күйінде 10°С ке емес температурада сақталынады. Оны еденге битумды не басқа мастикалармен желімдейді (жабыстырады). Еденге төселетін барлық полимер материалдардың 70%-і берлік-поливинилхлоридті линолеум. Коллоксилинді (нитроцеллюлозды) линолеум – бір қабатты
негізсіз болып келеді. Коллоксин – ағаш не мақта целлюлозасын
нитрацияландырып алынатын өнім. Линолеумнің бұл түрі өзіне тəн
қызыл немесе қоңыр түсті, төменгі температурада да иілгіш. Резеңкелі линолеумделин – көп қабатты болып өндіріледі. Үстіңгі қабаты үшін түрлі-түсті резеңке, ал төменгі қабатына – ұсақталған ескі резеңке мен битумның қоспасы пайдаланылады. Релинді жылу мен дыбыс өткізбейтін негіздерді қолданып, өлшемі (ауданы) бір бөлменің
өлшеміндей етіп те жасайды. Оны əсіресе, ылғалдылығы жоғары
орындарда пайдаланған жөн. Еденге төсеу үшін осы көрсетілген линолеум түрлерінен басқа да рулонды түрлері – глифталды (алкидты), ворсалин, ворсонит, тақтайша (плиточный) түрлері жоғарыда аталған полимерлер негізінде жəне кумаронды болып өндіріледі.
Мастикалық (құйылымды) еден. Еден кұрау үшін рулонды
жəне тақтайша материалдармен қатар, мастикалық материалдар да
қолданылады. Олар тұтқырлығы əртүрлі негіздерге құю немесе
тозаңдандыру арқылы төселеді. Онан соң қатаятын полимер
құрамдары, мысалы поливинилацетатты, мұндай еден жіксіз,
пайдалануға ыңғайлы эпоксидкаучук композициясынан жасалған
құйылымды едендер, ылғал мен үйкелісте төзімді. Мастикалық
едендер жасау үшін термопластикалық полимерлермен қатар,
термореактивтік гюлимерлер де қолданылуы мүмкін.