1. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің жіктелуі


Шөгінді тау жыныстарының түрлері және қасиеттері



бет6/29
Дата21.12.2023
өлшемі1,52 Mb.
#142402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Строиииимааттт

15. Шөгінді тау жыныстарының түрлері және қасиеттері
Екінші не шөгінді жыныстар бұрын пайда болған басқа жыныстардың (сынық) желге мүжілуі нәтижесінде, организм қалдықтарынан
(органогенділер) және су ерітінділердегі тұздардың тұнуынан (химиялық) пайда болған. Бұл тұнба, яғни шөгінді екі жағдайда түзілген: механикалық — үгілген түйірлердің салмағы әсерінен және химиялық — судағы ерітінділердің қанығу концентрациясына жетуі мен алмасу реакцияларының әсерінен. Бұл минералдарга: кремнеземді және саз балшықты минералдар,карбонаттар, сульфаттар жатады. Кремнеземді минералдардың көп тараған түрлері — опал, хальцедон, шөгінді кварц
16. Механикалық тұндырудағы тау жыныстарының негізгі қасиеттері

Механикалық тұндырудағы шөгінді тау жыныстары — үгілген түйірлердің салмағы әсерінен түзілген.Механикалық тау жыныстар: бос жыныстар: құм, малта тас, балшык; байланыскан жыныстар: құмтастар, конгломераттар, брекчия


17. Шынының физика механикалық қасиеттері және шыны өндеу
технологиясы
Әйнек, не шыны– құрамында шыны түзетін компоненттер (кремний тотығы, бор, аллюминий, фосфор т.б.) мен металл тотықтары (литий, калий, магний, қорғасын т.б.) бар балқыманы суыту нәтижесінде алынатын қатты, аморфты,оптикалық мөлдір (құрамына байланысты) әйнек түрді материал.
Шынының маңызды механикалық қасиеттері-серпімділік, қаттылық, сынғыштық және беріктік. Мөлдірлік (көрінетін сәулелену үшін) табиғи және жасанды әйнектердің барлық түрлеріне ортақ қасиет емес. Шыны өте жоғары температурада еритін табиғи шикізаттан жасалған. Әйнектің негізгі ингредиенті-құм, бірақ техникалық тұрғыдан негізгі компонент – құм компоненті-кварц, ол кремний диоксиді (SiO2),
Шыны +300-ден +2500 °C-қа дейінгі температурада балқытылған компоненттерді салқындату арқылы жасалады, бұл көрінетін кристалдардың пайда болуына жол бермейді. Шыны жасау үшін бір құм жеткілікті, бірақ оны балқыту үшін қажетті температура әлдеқайда жоғары болады. Осы себепті сода модификатор ретінде қосылады. Әктас оны берік етеді. Оңтайлы құрамы: шамамен 75% кремний диоксиді, 10% әк және 15% сода.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет