Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
№1-тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
Тірек сөздерді дәптерлеріне жазып алады.
|
1. Ресурспен қамтамасыз етілу, пайдалану, қалпына келтіру деген не?
2. Табиғи ресурстарды терең және көлденең игеру деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Осындай жолмен игеретін елдер мен аудандарға мысал келтіреді.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Сұраққа жауап береді.
- Мысалдар келтіреді.
|
7-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
|
№2-тапсырма
Оқулықта берілген сараптау тапсырмаларын орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Дүниежүзілік мұхиттың минералды ресурстар картасын талдайды, бұл ресурстарға аса бай мұхиттың терең шұңғымалары мен құйрықтық қайраңдары бар аудандаржы анықтайды. Талдау нәтижесіне сүйене отырып, теңіздегі тау-кен өнеркәсібінің болашағы бар деп ойлайсыңдар ма?
2. Табиғи ресурстарға кедей, бірақ экономикасы мен әлеуметтік жағдайы дамыған мемлекеттерді мысалға келтіреді. Қоғам өміріндегі ресурспен қамтамасыз етілу рөлі туралы қорытынды шығарады.
|
|