Барлық оқушылар істей алады: арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдануды үйренеді
Көптеген оқушылар істей алады:арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдануға тырысады
Кейбір оқушылар істей алады: арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолданумен танысады
Бағалау критерийлері
арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдануды үйренеді
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы "
Топқа бөлу:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Өткен сабақты тексеру
Сұрақтарға жауап беру
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз.
Арифметикалық прогрессия деген не?
Оның қандай түрлері бар?
Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу.
Жаңа тақырыпты топқа бөлінген оқушыларға абзац арқылы оқытады. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс береді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.
Әр топ өз міндеттерін орындайды. Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды, бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды.
Әр топқа флипчарт , маркер, түрлі түсті фломастер беріледі.
Сабақтың ортасы.
10 мин.
Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар:
1-тапсырма: Арифметикалық прогрессияда үшінші мен алтыншы мүшелерінің көбейтіндісі 406-ға, ал тоғызыншы мүшесін төртінші мүшесіне бөлгенде, толымсыз бөлінді 2-ге, қалдық 6-ға тең болады. Прогрессияның бірінші мүшесі мен айырмасын табыңыз.
2-тапсырма:
b1=4 және q= 3 болса, онда (bn) геометриялық прогрессиясының алғашқы төрт мүшесінің қосындысын табыңдар.
Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаларға оқушылар жауап жазады.
Дескриптор:
-Тапсырмаларды орындайды.
-Пікір алмасады.
Жалпы балл -3
«Ойлан, тап!» (сабақты бекіту)
Мектеп оқушылары көктемде алма, өрік, қараөрік, шынар, шырша, қарағай, қайың, қарағаш, терек ағаштарының көшеттерін отырғызды. Олардың саны өспелі арифметикалық прогрессия құрайды. Қараөрік көшеттерінің саны 14, ал қайың көшеттерінің саны 26. Оқушылар қанша алма ағашын отырғызды?
«Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау
Үй тапсырмасы: №2.12; №2.14
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.
Дескриптор:
-Тапсырманы түсініп, дәптерге орындайды.
Жалпы балл-2
Жалпы тапсырмалар бойынша 10 балл
Дк экран
Дәптер
Стикерлер
смайликтер
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
№6 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияларға есеп шығару
Бөлімі:
Тібектер
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 9
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Арифметикалық прогрессияларға есептер шығару
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
9.2.3.5 арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;