Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу жолдарымен танысады.
|
Презентация
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-Тапсырма
Атқыш 15 рет атты. Ол әрбір атқанда нысанаға дәл тигізгені үшін 6 ұпай алатын болса, әрбір бос атқаны үшін 2 ұпайынан айырыла-ды. Атқыш ойын соңында 34 ұпайдан артық жинауы үшін, оның
нысанаға дәл тигізу санын бағалаңдар.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Атқыш ойын соңында нысанаға дәл тигізу санын шешеді.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-Тапсырма
Құлан мен Шудың арасы 110 км. Құланнан 14 км/сағ жылдамдықпен велосипедші шыққан уақытта оған қарама-қарсы бағытта Шудан мотоциклші шықты. Олар бір-бірімен 2,5 сағаттан кем уақыт өткенде кездесуі үшін мотоциклшінің жүру жылдамдығы қандай болуы керек екенін бағалаңдар.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Мотоциклшінің жүру жылдамдығы қандай болуы керек екенін есептеп шығарады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|