Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
6.3.1.1 координаталық жазықтық ұғымын меңгеру;
6.3.1.2 тік бұрышты координаталар жүйесін салу;
6.3.1.3 реттелген сандар жұбы тікбұрыштыкоординаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын түсіну;
6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;
6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Координаталық жазықтық ұғымын атап бере алады.
Көпшілік оқушылар үшін: Тік бұрышты координаталар жүйесін сала алады.
Кейбір оқушылар үшін: реттелген сандар жұбы тікбұрыштыкоординаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбын біледі
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.