Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару жолдарын ажыратады.
|
Видеоролик
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. а-ның қандай мәнінде:
1) 2 ах =5 теңдеудің түбірі болмайды;
2) (3 + а)х = 1 + 4атеңдеуінің түбірі 2-ге тең;
3) (4 + 3а)х = 6 + 5атеңдеуінің түбірі (–3)-ке тең?
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. а-ның қандай мәнде екенін есептеп табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-Тапсырма
Атасы немересіне 130 жаңғақ беріп, оны жаңғақ
саны тең емес екі үймеге бөлуді тапсырды. Сонда кіші үймедегі
жаңғақтарды 4 еселегенде үлкен үймедегі жаңғақтардан үш есе кем
болуы керек. Жаңғақтарды қалай бөлуге болады?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Жаңғақтарды қалай бөлуге болатынын табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|