5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке
көбейтуді орындау;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Оқушыларға ондық бөлшекті натурал санға бөлу амалдарын меңгерту, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.
Көпшілік оқушылар үшін: Өзара қарым-қатынас қалыптастыру,пікірлерін ашық айту. Аталған тақырып амалдары мен элементтерін оқып үйрену
Кейбір оқушылар үшін: Оқушылар ондық бөлшекті натурал санға бөлуді меңгереді, топпен жұмыс істеуге дағдыланады, есеп шығару арқылы білімдерін кеңейтеді.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі:Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1. Ондық бөлшектің үтіріне назар аудармай, оны натурал санға бөлуге болады?