1-сабақ Сабақтың тақырыбы



бет16/36
Дата25.11.2022
өлшемі0,79 Mb.
#52580
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 2-тоқсан 10-сынып ЖМБ

Қысқамерзімді жоспар
6-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Халкоммен сұхбат», «ХІV ғасырдан хат», «Орнайды қала әйгілі»

Бөлім:

2-бөлім: Қазақтың Қанышы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Халкоммен сұхбат», «ХІV ғасырдан хат», «Орнайды қала әйгілі»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Роман-эсседегі көркемдегіш құралдарды анықтайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіреді.
Кейбір оқушылар үшін:
Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.


Топтастыру.



Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы



Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Фигуралар салынған конверт


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1. Неліктен роман «Қаныш Сәтбаев» деп атал ған?
2. Ғалымның аты не себепті бірнеше елмен байланысты?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет