Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақар:
1.Медеу Сәрсеке кім?
2.Медеу Сәрсеке қай жерде туып өсті?
3.Жазушы қай жерде білім алып, қызмет істеді?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Мұғалім оқушыларға Медеу Сәрсекенің өмірі мен шығармашылығы жайлы жалпы түсінік береді.
«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесін түсіндіреді.
|
Ұжымдық жұмыс:
Оқушылар бір-бірімен ой бөліседі. «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесін талдайды.
|
Дескриптор:
-Оқушылар ойларын айтады;
-Роман-эссені талқылайды. Жалпы-3 балл.
|
Оқулық
10-сынып
|
Топтық жұмыс
|
Роман-эсседе көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырып, «Қаныш Сәтбаев кім?» деген сұрақты «Рөлдегі оқушылар» әдісімен топтарға
бөлініп, тақы рып бойынша талдап көруіне нұсқау береді.
|
1-топ: Із қуушы - кейіпкерлердің ізін қуады.
2-топ: Кейіпкерді сипаттаушы - кейіпкерлердің мінезін, сыртқы
тұлғасын сипаттайды.
3-топ: Бейнелеуші-суреттеуші - оқиғаларға байланысты шығарма-
лардан суреттер салады.
4-топ: Жазушы -романдағы маңызды деген мәселе төңірегінде хат,
хабарлама, шағын эссе жазады.
5-топ: Дәнекер - роман мазмұнын қазіргі қоғаммен байланыстырады.
|
|