1. Сабын пленканың бетіне ақ жарық 45



Дата04.04.2022
өлшемі13,53 Kb.
#29836
Байланысты:
Блок 3 есептери


1. Сабын пленканың бетіне ақ жарық 450 бұрыш бойынша түседі. Шағылған сәулелер сары түсті (600 нм) болып көріну үшін пленканың қалыңдығының ең кіші мәні қандай болу керек? Сабынды судың сыну көрсеткіші n=1,33.

2. Сыну көрсеткіші n=1,33 сабын пленкасына толқын ұзындығы 0,6 мкм монохромат жарық нормаль бойынша түседі. Интерференциялану нәтижесінде шағылған жарық күшті жарқырайды. Пленканың қалыңдығының ең кіші мәні қандай болған?



3. Шыны пластинаның бетіне сыну көрсеткіші n=1,3, мөлдір заттың жұқа қабаты қондырылған. Мөлдір қабатқа толқын ұзындығы 640 нм, параллель монохромат жарық сәулелері нормаль бойынша түседі. Шағылған сәуле күңгірт болу үшін, қабаттың қалыңдығының ең кіші мәні қандай болу керек?

4. Толқын ұзындығы 0,5 мкм екі когерент жарық көзінен экранда интерференциялық кескін пайда болады. Жарық шоғының біреуінің жолына қалыңдығы d=70 мкм кварц пластина орналас-тырылған кезде интерференциялық кескін орнынан m=65 жолаққа жылжыған болса, кварц пластинаның сыну көрсеткіші неге тең?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет