1. Салыстырмалы психология деген не?



Дата07.11.2022
өлшемі13,61 Kb.
#48112
Байланысты:
мариям психология сұрақтары


1.Салыстырмалы психология деген не?
Салыстырмалы психология – адамдар мен жануарлардың психикасының
айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді.
Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен
салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның
қалыптасу жолын және оның туысынан ӛсіп-жетілгенге дейінгі даму жолын
қарастырады.
2.Психикалық қасиеттерге не жатады?
Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез,
қабілет.
3.Тұлға дегеніміз не?
«Тұлға» - қоғамда белгілі бір
жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид
4.Дағдылардың түрлері?
Қимылдық,ойлау ,сенсорлық,мінез-құлықтық
5.Іс-әрекет түрі оқу туралы түсінік?
Оқу. Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға
қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы
балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам ӛзінің ғасырлар
бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.
6.Ырықсыз зейін деген не?
Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ
біздің назарымызды ӛзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген
тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай,
ашық терезеден ұшып кірген кӛбелек, қарсы бӛлмедегі күлкі, кіріп келген адам
- мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудьң басты ошағының орнын
ӛктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты
жағдайға түсіп қалады
7.Рецепторлардың организмде орналасуына қарай түйсіктің 3 түрі?
дененің беткі қабатында орналасуына қарай
экстерорецептор (керу, есту, тактильдік т.б.) бұлшық ет, сіңірде орналасқан
түйсіктер проприорецептор (кинестезиялық, статикалық, вибрациялық т.б.)
және ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін яғни, аштықты, шӛлдегенді, ыссы-
суықты түйсіну интерорецепторлар (органикалық түйсіктер) болып бӛлінеді.
8.Ес процестері?
Есте сақтау,қайта жаңғырту,тану мен ұмыту
9.Нақтылы-бейнелі ойлау деген не?
Нақтылы-бейнелі ойлау - елестер мен психика ӛрнектерін арқау еткен
ойлау түрлері. Адам заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары
туралы ойлайды. Мәселен, адам мылтықтың құрылысын қандай, оны қандай
бӛлшектерге бӛлуге болады десе, мұндайда оның ойы кӛрнекті, бейнелі
болады. Ал мылтықты қолына ұстап, оны түрлі бӛлшектерге бӛліп әрекет етсе,
кӛрнекті әрекет ойы болады. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын кӛрнекі бейнемен
елестетіп шығады. Ол олардын әркайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп
ӛтуге кететін уақытын салыстырып талдайды, мәселені ойша шешеді.
Ойлаудың мұндай түрі нақтылы-бейнелік деп аталады.
10.Психология нені зерттейді?
психология – психикалық құбылыстардың, пайда болу,
қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет