Байланысты: 1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са
3-бағыт. Индустрияландыружәне экономикалық (35-84 қадам). Ауылшаруашылық жерлерін нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.
Салық және кеден саясатын және ресімдерін оӊтайландыру. Экспорттық, импорттық кеден рәсімдерінен өтуде «бір терезе» қағидатын енгізу. Тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу. Экспорт, импорт үшін құжаттар санын және оларды өӊдеу уақытын қысқарту. Тауарға салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеӊнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады. Мүлікті және қаржыны заңдастыру ресімдерін оңайлату. Қолданыстағы заӊға өзгертулер және толықтырулар енгізу. 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңмен енгізу. Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады. Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосымша құн салығыныӊ орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.
Рұқсат алуды оӊтайландыру. Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты - архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші - эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау - 20 күнге дейін, үшінші - рұқсаттыӊ өзі - 10 күн ішінде. Жобалау-сметалық, жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру. Кеӊестік кезеӊнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу. Жаӊа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардыӊ шығуына мүмкіндік береді.
Электр энергетикасысаласын қайтадан құру, «бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу. Бұл өӊірлер арасындағы электр энергиясыныӊ әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді. Өңірлік энергетикалық компанияларды (ӨЭК) ірілендіру. Бұл энергиямен қамтамасыз етудіӊ сенімділігін арттырады, өӊірлерге электр энергиясын таратудыӊ шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясыныӊ ақысын азайтады.
Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту. Оныӊ құрамына бизнестіӊ және ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ өкілдері кіреді.
Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы, экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту. Экономиканыӊ басым секторларында халықаралық стратегиялық серіктестермен («Эйр Астана», «Теӊіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) бірлескен кәсіпорындар құру. Шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, Канада, Австралия үлгісі бойынша қолайлы көші-қон режимін қалыптастыру.
Туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық инвесторлар тарту. Жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту жөнінде бірыңғай оператор қалыптастыру үшін стратегиялық инвесторлар тарту.
Сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту. Негізгі міндет: 3 жыл мерзімде ТМД нарығына шығарылатын өнімдерініӊ жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық
инвесторларды тарту. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өӊделген өнімдерді экспорттау.
Ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту. Назарбаев университетте «Астана бизнес кампуста» ғылыми орталықтары мен зертханалар орналастырылады. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасыныӊ қажеттілігіне орай қайта бағытталады.
Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау. «Еуразиялық трансконтиненталдық» көлік дәлізін құру жобасын іске қосу. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді (1-бағыт – Қазақстан-Ресей-Еуропа. 2- бағыт - Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтау портына дейін, одан әрі Каспий теӊізі мен Әзербайжан, содан соӊ Грузия арқылы).
Халықаралық авиациялық хаб құру. Стратегиялық инвесторды тарту арқылы Алматы іргесінен әлемдік стандартқа сәйкес келетін халықаралық жаңа әуежай салынады. «Эйр Астана» халықаралық бағыттарға ыӊғайластырылады және әлемніӊ негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаӊа бағыттар ашады. Азаматтық авиация комитетініӊ қызметі британ азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігініӊ және ЕО авиация қауіпсіздігі агенттігініӊ үлгілеріне бағдарланатын болады.
Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өӊірлерден туристерді тартатын Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру. Astana ЭКСПО - 2017 инфрақұрылымдары арқауында Астана халықаралық қаржы орталығын (аіғс) құру. Оның заӊды мәртебесін конституцияда бекіту, оны ТМД, Батыс және Орталық Азияныӊ барлық өӊірлерініӊ елдері үшін қаржы хабы ретінде қалыптастыру. Болашақта Қазақстанның қаржы хабы әлемнің 20 алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының қатарына енуі тиіс. Қаржы орталығы аумағында ресми тіл ретінде ағылшын тілін енгізу. Қаржы орталығыныӊ жетекші қаржы орталықтарымен жүйелі және жайлы әуе қатынасы жүйесін құру.
ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы, нарықтық экономикалы 34 елдің қоғамдастығы, мақсаты: қатысушы елдердің экономикалықсаясатын соның ішінде дамушы елдерге көмектесу мәселелері жөніндегі саясатын үйлестіріп отыру. 1961 ж. құрылған, штаб-пәтері Парижде) елдері стандарттарыныӊ негізінде адам капиталыныӊ сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезеӊ-кезеӊімен енгізу, мектептегі оқыту стандарттарын жаӊарту. Экономиканыӊ алты негізгі саласы үшін 10 алдыңғы қатарлы колледж бен 10 жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздіӊ басқа оқу орындарына тарату. Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кезеӊ-кезеӊімен кеӊейту. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезеӊ-кезеӊмен көшу. Басты мақсаты -даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (бмск) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудыӊ алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудыӊ орталық буынына айналады. Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру. Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудіӊ алдыӊғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).
Жаӊа еңбек кодексін әзірлеу. Әлеуметтік көмек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады.