1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Ұлтаралық қақтығыстардың себептері



бет33/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

Ұлтаралық қақтығыстардың себептері: ресурстарға бақылау жасау мен билік үшін күрес, ұлттық (этникалық) белгісі бойынша дискриминация (кемсіту, құқығын шектеу) мен теңсіздік, басқару жүйесін өзгертуге, мемлекеттің статусы мен шекарасын өзгертуге деген ұмтылыс, бұрынғы кездегі ұлтаралық өзара қырқыс, соғыстар, басқа топтар немесе мемлекет тарапынан этникалық топқа қатысты жасалған зорлық-зомбылық, діни шыдамсыздық, мәдени-тарихи дау-дамайлар. Этникалық қақтығыстардың қатысушылары болып бір немесе бірнеше этникалық топтар өкілдері болуы мүмкін, олар топаралық сипат алуы немесе топ пен мемлекеттің арасында жүруі мүмкін. Кейбір жағдайларда этникалық қақтығыс мемлекетаралық жанжалға ұласуы мүмкін, мысалы, Үндістан мен Шри-Ланка, Түркия мен Грекия, Әзірбайжан мен Армения, Бурунди мен Заир, палестина-израиль арасындағы қақтығыстар. Бұрынғы КСРО аумағында саяси статусын өзгерту, сецессия (бөліну) және жаңа мемлекет құру мақсатымен болған этникалық қақтығыстар кеңінен орын алды: грузин-абхаз, грузин-осетин, карабах, Приднестровье, Шешен жанжалы. Ұлтаралық жанжал жаулық пен күштеудің өршуімен, амалсыз көшіп-қонумен қатар жүреді, бұл оларды шешуді қиындатады. Бұл үшін үшінші жақтың, халықаралық ұйымның, делдал-мемлекеттің қатысуы қажет етіледі, мысалы, бұрынғы Югославияда, Карабахта, Абхазияда, Оңтүстік Осетияда, Шешенстанда. Сирек жағдайларда бітімгершілік күштердің қатысуы қажет болады (БҰҰ-ның Босниядағы әскери операциясы).
Келіспеушіліктер тілге қатысты да жиі туындап жатады. Мысалы, Канада мен Бельгияда діни және басқа да айырмашылықтарға байланысты туындаған тілдік жанжал бірнеше онжылдықтар бойы саяси шиеленістің себебі болып қалып отыр. Ұлыбританияда уэльстіктердің, шотландиялықтардың, ирландиялықтардың ұлттық сезімдері ұлтшылдық бас көтерулерді туғызып тұрды. Ұлтаралық жанжалдар мемлекеттік шекаралар мәдени және тілдік ерекшеліктерді есепке алмай жүргізілген бұрынғы отарларда, мысалы, Африкада кеңінен таралған. Ұлтаралық жанжалдар орталық биліктің әлсіреуі нәтижесінде де туындауы мүмкін, мысалы, Таулы Карабахтағы 1980-жылдардағы армяндар мен әзірбайжандардың қарама-қарсы тұруы. Шри-Ланкада діни және тілдік айырмашылық тамилдар мен сингалдықтар арасындағы өткір жанжалдың себебі болып, бүкіл Үндістан субконтинентін үлкен тұрақсыздыққа ұрындырып, жанжалға үнді армиясының араласуына әкелді. 1500-ге жуық тілі мен диалектілері, 7 діні бар, түрлі этникалық топтар мен касталарға бөлінген Үндістанның өзі бітпейтін ұлтаралық дау-жанжалдың аренасына айналған. Ливанда христиандар мен мұсылмандар арасында, екінші жағынан, мұсылман-сунниттер мен мұсылман-шейіттер арасындағы күрделі қатынастар елді ұзаққа созылған қанды азамат соғысына әкелді, сыртқы күштердің араласуына әкелді, мемлекеттің әлсіздігін көрсетті. Солтүстік Ирландия католиктік азшылық пен оған қарсы көпшіліктің арасындағы ұзаққа созылған жанжал алаңы болды. Алғашқы да таза саяси, идеологиялық, экономикалық сипаттағы сияқты көрінгенімен, көбінесе ұлтаралық жанжалдардың ар жағында тайпалық, діни немесе қауымаралық подоплека жатады. Мысалы, отаршылдық езгіден құтылған Анголада кеңестік бағыттағы және батыстық бағыттағы топтар арасындағы идеологиялық жанжал түрлі этникалық топтардың бәсекелестігі болып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет