1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қазақстандағы діни экстремизмнің таралу ерекшеліктері



бет49/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

48. Қазақстандағы діни экстремизмнің таралу ерекшеліктері. Экстремизм (латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы деген) – шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару, мәселелерді, алға қойған мақсаттарға ең радикалды әдістер арқылы, оның ішінде күштеу, зорлық-зомбылық жасау, террорды қолдану арқылы да қол жеткізуді білдіреді.
ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін халқымыздың басым бөлігі ата дініміз – исламға бет бұра бастады. Кеңестік кезеңде діни мамандарды дайындаудың тоқтатылуы, қажетті мамандардың жетіспеуі ұлты, ұстанымы басқа шетелдік ислам мамандарының, уағызшыларының елге ағылуының басты себептерінің бірі болды. Мұндай уағызшылардың арасында радикалды бағыттағы, экстремистік көңіл күйдегі («Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат», уахаббилер т.б.) топтардың өкілдері болды.


Діни экстремизм арнайы оқулықтарда діни экстремизм «басқа дін ұстанушылар мен дінді ұстанбайтындарға төзімсіздікті уағыздау, өзге діндерге нақты бір діни ілім шеңберінде қарау, бағалауСондай-ақ өз мақсаттарға қол жеткізу үшін, нақты бір дін қағидаларын жамылғы ете отырып зиянды әрекет ету» деп көрсетіледі. Елімізде мұндай ағымдардың таралу аймақтары да әр түрлі. Сарапшылар пікіріне сүйенсек, экстремисттік ағымдар еліміздің батыс өңірлерінде кең таралған. Олар бұл үдерісті батыс өңірінің экономикалық қуатына, яғни мұнай шикізатына қызығушылық (аталмыш топ мүшелерінің мұнай құбырларынан мұнай ұрлау фактілері анықталды).
Жалпы діни экстермизмнің қай аймақта болмасын (Қазақстан бойынша) таралуына себеп, ең алдымен, бұл діни сауатсыздық, екінші, «өзі ештемені білмей, еш нәрсе туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай көшсе, мен де солай көштім» деген надандықтан шыққан соқыр сезім» – бұл діни сауатсыздықтың көрінісі, діни радикалданудың себебі болып отыр. Үшіншіден, тұрғындардың арасында, әсіресе жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға деген ынтасы діншілдікке, діни фанатизмге әкеледі.
Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі болып табылады. Мұндай сайттарды екіге бөліп қарастыруға болады. Мысалы, кейбір сайттар мұсылмандардың қысымға ұшырауы, әсіресе АҚШ, Еуропа, Израильдегі мұсылмандар туралы ақпараттар, қанға бөккен адамдардың суреттерін, бейне-материалдарды ашық көрсету арқылы күллі әлемді мұсылмандарға жау ретінде көрсетуге ұмтылады. Сондай-ақ, сайттағы түрлі шейхтардың уағыздары бейне-жазба түрінде таратылады. Уағыздарда зайырлы биліктің исламға жат екендігі, мұндай мемлекет басқарушылары, дін қызметкерлері «діннен шыққандар» деген пікір мейлінше дәлелді айтылып, оларға бағынбауға шақырылады. Мұндай ақпараттар сауаты төмен, өзін мұсылман санайтын адам санасында қысымдағы мұсылмандарды құтқару мен халифат сипатындағы мемлекет құруға қатысу, қажет болса, құрбан болу туралы ой туындатады. Өз ойын сайтта берілетін жихадқа шығу, шахид болу туралы хадистер мен аяттар арқылы нығайтып, өзгермес ұстанымға, өмірлік мақсатқа айналдырады.

Келесі сайттар адамды бірден қарулы жихадқа шығып, зайырлы билікті құлатуға шақырмайды. Олар зайырлы билік немесе өзге діндегілер туралы сыни пікірлер білдірмейді. Мұндай сайттардың сыртқы безендірілуі де тек исламға арналған ақпараттық портал түрінде берілуі мүмкін. Олардағы басты мақсат мемлекетте ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дінді бөлшектеуден басталады. Мысалы, «http://uraza.kz/» сайтында Рамазан айында оразаны бұзудың тыйым салынғандығы туралы: «Ораза тұтудан, оның міндеттілігін мойындамай бас тартқан адамның кәпір (дінсіз) екеніне ғалымдар бір ауыздан келіскен» деген ақпарат берілді. Бұл қазақ жерінде таралған дәстүрлі Ханафи мазхабына қайшы, мұнда ораза ұстамау діннен шығармайды. Сол секілді, беташар, сәлем салу т.б. дәстүрлерді «Құдайға серік қосу» деген пәтуа беретін сайттар діни ортадағы бөлінушіліктерді туындатып, діни фундаментализмге итермелейді.
Берілген сайттардың ортақ ұраны «Таухид – бұл мақсат, ал жихад – оны жүзеге асыру жолы», «жихад әркімнің жеке міндеті» деген ой. Бұл ой ашық немесе жасырын түрде мейлінше белсенді түрде таратылады, таңылады. Салдары ретінде қоғамда араб елдерінің ұлттық киімін кигендер мен мешітке құлағына наушник тағып баратындар пайда бола бастады. Өзге елге жихадқа аттанып өлім құшқандар мен өз елінде экстремистік идеяларды таратып түрмеге қамалғандар саны артты.
Ғаламтордағы экстремистік сайттардың ықпалымен бірге, шет елден діни білім алған жалған шейхтардың, жалған ғалымдардың уағызы арқылы «ахилер» мен «ухтилерден» немесе «браттар» мен «сестралардан «құралған жамағаттарда қаншама сана уланып, келер ұрпақтың қазақ емес тек мұсылман болып, дәстүрден, ділден сусындамай өсіп жатқандығы ойландыратын жағдай.
Сол себепті, мұндай мәселені шешу ұлттың келбетін сақтаудың кепілі болмақ. Бір ұлттың діни ұстанымдар негізінде бөлінуі салдарынан тұтас мемлекеттердің тұрақтылығы шайқалғандығын тарих көрсетіп берді. Аталмыш мәселенің алдын алу кезек күттірмейтін шара. Бұл бағытта, заңдар қайта қаралып, толықтырылды, арнаулы орталықтар құрылды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Алайда, діни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық екендігі даусыз. Діни сауатты болу үшін белгілі-бір діни курсты бітіру шарт емес. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры. Өйткені, қазақ тарихына үңілген кез-келген адам қазақ халқында өзге елді жаулау, өзге ұлт пен дінді кемсіту секілді көріністердің орын алмағандығын көреді. Сондай-ақ, ұлттық дәстүрдің ислам шарттарына қарсы келмейтіндігін, тіпті үндесіп тұратындығын байқау үшін де асқан сауаттылықтың қажеті жоқ. Діни сауаттылық жалпы сауаттылықтың құрамдас бөлігіне айналуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет